KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА 30 ЖЫЛДА АЛҒАШ РЕТ ЖАҢА СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

✅ 2024 жылдың 20 тамызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық шарт негізінде 9 қабатты жаңа студенттік жатақхананың құрылысы салтанатты түрде басталды. Жаңа жатақхана нысаны 450 орындық. Жатақхана қасынан студенттер үшін Медициналық орталық тұрғызылмақ. Жалпы инвестиция көлемі 2,3 млрд теңгеден астам. Мұндай жатақхана салу жұмыстары соңғы 30 жылда жүргізілмеген.

✅ Сонымен қатар, қазіргі уақытта жеке қолға өтіп кеткен университет активтерін кері қайтару жалғасуда. Мысалы, №6 студенттік жатақхана өткен жылы тұрғын үй қорына қайтарылып, қосымша 280 студент баспаналы болды. Кезінде «Шаһ» атты мейрамхана мен офис ретінде жеке кәсіпкерге қызмет жасап келген №3 студенттік жатақхана да кері қайтарылып, толықтай күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл мақсатқа университеттің бюджетінен 160 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Мұндай жөндеу жұмыстары соңғы 20 жылда жүргізілмеген. «Ритм Строй ЭК» ЖШС көмегімен жатақхананың сыртқы және ішкі кеңістігі толық жаңғырды: тұрғын бөлмелер, ас үйлер мен дәліздер, тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелді, қажетті жиһаздар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналары мен газ плиткалары қойылды. Нәтижесінде заманауи келбеттегі 200 бөлме – студенттерге, 100 бөлме – магистранттар мен жас ғалымдардың игілігіне берілді.

✅ Осындай нақты істердің нәтижесінде, KazNARU Алматы қаласында өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанды.

✅ «AQYL ALEM» компаниясының жүргізген әлеуметтік зерттеуі бойынша Қазақстанның 3 жоғары оқу орны – Nazarbayev University, КИМЭП Университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білім беру сапасы мен жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде ең озық деп танылды. KazNARU үшін бұл үлкен абырой.

✅ Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде KazNARU Орта Азияда QS рейтингісі бойынша алтыншы орында, Қазақстанда ТОП 5-ке еніп отыр.

✅ Салтанатты іс-шараға Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ситуациялық орталығының жетекшісі Аманғали Шаймарданов, инвестор компания «Қазақ-Строй» ЖШС Бас директоры Болат Ибрагимұлы, Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, Медеу ауданы әкімдігінің өкілі, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник