KazNARU

Жаңа жатақхананың іргетасы қаланды

Сенат депутаты Жанна Асанова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттерге арналған жаңа жатақханасының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Сенатор заманауи студенттер қалашығын қалыптастыру жас буынға сапалы білім беру және әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызды факторы екенін атап өтті.  Аталған игілік іс студенттерге қолайлы жағдай жасауда мемлекеттің рөлін айшықтап, елдің білім беру инфрақұрылымын дамыту жолындағы нақты қадам болатыны анық.
Жаңа жатақхана 450 орындық. Онда студенттерге арналып жабдықталған медицина орталығы да бар. 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник