KazNARU

KazNARU БАСШЫЛЫҒЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат жиналысында 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

✅ Ректор жоғары білім беру мен ғылыми зерттеу саласында әлемдік озық үлгідегі университет құру бойынша бірқатар ауқымды бастамалардың жүзеге асырыла бастағанына тоқталып, оқу ордасының ең үлкен міндеті – студенттерге заманауи сапалы білім беру екенін атап өтті.

✅Осыған байланысты, жауапты проректорлар мен тиісті құрылым басшыларының, факультет декандарының жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы хабарламалары тыңдалды.

«Университетіміздің материалдық-техникалық базасы соңғы жылдары айтарлықтай жақсарып келеді. Студенттік жатақханалар мен оқу ғимараттарында күрделі жөндеулер жүргізілді, бөлмелердегі мұздатқыштар, жиһаздар, төсек-орындар жаңғыртылды. Жақында 450 орындық 9 қабатты жаңа жатақхананың құрылысы басталды. Университет бюджетінің есебінен аудиторияларға қосымша интерактивті тақталар мен проекторлар орнатылды. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың, атап айтқанда, ҚХР ғылыми ұйымдарының қаржылық қолдауымен Қазақстан-Қытай ғылыми-зерттеу орталықтарына инновациялық техникалық құрал-жабдықтар орнатылды. Осының барлығы – ғылым мен білімді, өндірістік тәжірибені ұштастыру арқылы сапалы да, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудың алғы шарттары. Соның нәтижесінде, биыл университетіміздегі білім алушылар контигенті екі есеге өсті», - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

✅Жүйелі атқарылған істердің нәтижесінде, KazNARU Алматы қаласында өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанып отыр. Тәуелсіз «AQYL ALEM» компаниясының жүргізген әлеуметтік зерттеуі бойынша, Қазақстанның 3 жоғары оқу орны – Nazarbayev University, КИМЭП Университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білім беру сапасы мен жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде ең озық деп танылды. Бұл көрсеткіш студенттер тарапынан берілген оң баға ғана емес, үлкен сенім.

✅Ректор сондай-ақ, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жаңа Даму бағдарламасы қабылданып, бұл мақсатқа 26 млрд теңге бөлінген еске салып өтті. Мұндай ауқымды бағдарлама еліміздегі бірде бір жоғары оқу орнында болған емес.

✅2022-2023 оқу жылына қарағанда, оқу ордамыздағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға арналған қаржыландыру көлемі де екі есеге өсті. Бүгінгі күні 5 млрд теңгеден асатын 53 ғылыми жоба орындалу үстінде. Бұл деген университеттің ғалым-зерттеушілерінің потенциалы жыл өткен сайын артып келе жатыр деген сөз.

✅Шетелдік ғылым-білім ұйымдарымен арадағы халықаралық байланыстар да нығайып келеді. KazNARU базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің су шаруашылығы мамандарын даярлау жөніндегі филиалы ашылды. Студенттеріміз енді екі диплом алып шығатын болады.

Қытай аграрлық университеті және Dayu Irrigation Group компаниясымен бірлесіп, су ресурстарын ақылды басқару үшін «Цифрлық зертхана», Ланьчжоу университетімен бірлесіп, озық технологиялардың трансфертін қамтамасыз ететін «Қазақстан-Қытай Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығы, Қытайдың Henan Qianlian Landscape Design Engineering Co. Қолдауымен «Қазақстан - Қытай ландшафттық инновациялар орталығы» құрылды.

✅ Қазақтанда тұңғыш рет ашылған Ландшафттық инновациялар орталығы көшет өсіру технологиясы, ландшафты дизайн, қала құрылысы және дизайн, ландшафтты басқару және сақтау сияқты шараларды меңгеру бағытындағы кәсіби тағылымдамадан өту базасы ретінде қызмет көрсетеді. Ал, «Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығы аясында жаңадан 6 ғылыми зертхана ашыламақ, онда студенттер мен жас ғалымдар өздерінің тәжірибесін шыңдайтын болады.

✅Аппарат мәжілісінде университет алдындағы ең үлкен міндеттің бірі – студенттерге білім берумен қатар, жастарға рухани тәрбие беру, жеке қауіпсіздіктерін қорғау мәселесін де қатаң назарда ұстау атап өтілді.

✅ «Ата-аналар бізге өз балаларын сеніп тапсырып отыр. Сондықтан, Тәрбие ісі жөніндегі департамент пен Жастар комитетінің басшыларына, факультет декандарына білім алушыларды жатақханаға дер кезінде орналастыруды, студент жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын тиісті күзет құрылымдарымен бірлесе жүргізуді, бейне бақылау камералары мен өрт қауіпсіздігі техникалық жабдықтарының толыққанды жұмыс істеуін бақылауда ұстауды тапсырамын», - деді университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник