KazNARU

АКАДЕМИКТЕРДІҢ САНЫ ЕМЕС, САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

✅ Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыру салтанаты өтті. Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми ұйымдардың басшылары, танымал жетекші ғалымдар, Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

✅ Соңғы уақыттары еліміздің ғылым саласында жасалып жатқан жүйелі реформалар нәтижелі бетбұрыстарға жол ашады деген сенім мол. Жаңа жүйенің негізгі элементі – мемлекеттік мәртебе берілген, Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын құру идеясы болды. Жақында қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға сәйкес ол елдегі жалғыз жоғары ғылыми ұйым атанғаны мәлім.

✅ Алқалы жиынды ашқан Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев ұйымның жоғары мәртебесі ғылыми қауымдастыққа үлкен жауапкершілік жүктейтінін, қазіргі әлемде өркендеу мен лайықты бәсекелесу үшін ғылым прагматикалық және нәтижелі болуы керектігін атап өтті.

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН

28 ТАМЫЗ 2024

Арман ОКТЯБРЬ

https://egemen.kz/article/371061-akademikterdinh-sany-emes-sapasy-manhyzdy?fbclid=IwY2xjawE7jwFleHRuA2FlbQIxMQABHXa4ZpvaasTyjWHl2GlvZoXzeAOVRkE4hpwhhZ4twfIH8ktevA2yzOv-Tw_aem_WbKD9FOE3pKr--DHaIv_VQ

---------Chatbot---------
виртуальный помощник