KazNARU

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҚЫН КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМДІ АЙҚЫНДАДЫ

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы да зор ынтамен тыңдап, еліміздің жақын кезеңдегі дамуына арналған алгоритмді айқындаған маңызды құжатта белгіленген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруды бірауыздан қолдады.

✅ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салалардың инновациялық әлеуетін күшейту бойынша айта келіп: «экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек», - деген сөзі аграрлық саладағы ең өзекті мәселенің бірін атап өтті.

✅ «Бұл ретте, халықаралық талаптарға сай цифрлы университет құруды және нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналуды мақсат етіп отырған Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жетекші рөл атқаруға тиіс. Оқу ордасының агроөнеркәсіп, оның ішінде су басқару мамандарын даярлауда шетелдік ғылым-білім ұйымдарымен арадағы халықаралық байланыстары нығайып келеді. АҚШ, Еуропа, Қытай және басқа мемлекеттердің жетекші ЖОО-ларымен, ғылыми орталықтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Осы тамыз айында ғана Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің қатысуымен KazNARU базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының» филалы ашылды. Мұнда су ресурстарын басқару, суды пайдалану, мелиорация жөніндегі білікті кадрлар бірлесе даярланады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да сәтті жалғаса бермек», - дейді университет Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Күрішбаев.

✅ Жолдауда айтылғандай, Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. Ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу қажеттігі алға қойылды.

✅ Осы орайда, үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту, инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру әр саладағы нақты дамуға серпін береді. Биылдың өзінде KazNARU базасында «Су ресурстары және ІТ технология» факультеті, Қытай аграрлық университеті және Dayu Irrigation Group компаниясымен бірлесіп, су ресурстарын ақылды басқару үшін «Цифрлық зертхана», Ланьчжоу университетімен бірлесіп, озық технологиялардың трансфертін қамтамасыз ететін «Қазақстан-Қытай Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығы, Қытайдың Henan Qianlian Landscape Design Engineering Co. Қолдауымен «Қазақстан - Қытай ландшафттық инновациялар орталығының» құрылуы осы бағыттағы қолға алынған істердің бастамасы болып отыр.

Мысалы, Қазақтанда тұңғыш рет ашылған Ландшафттық инновациялар орталығы көшет өсіру технологиясы, ландшафты дизайн, қала құрылысы және дизайн, ландшафтты басқару және сақтау сияқты шараларды меңгеру бағытындағы кәсіби тағылымдамадан өту базасы ретінде қызмет көрсетеді.

✅ Жолдауда тағы бір өзекті мәселе – білікті маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейту тапсырылды. Және белгіленген грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс екендігі қадап айтылды. Осы ретте, KazNARU базасында білім алатын студент жастардың басым бөлігі ауылдың түлектері екендігін, биыл Мемлекет басшысының қолдауымен «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру бағдарламалары үшін шекті балл көрсеткіші – биыл 50-ге дейін төмендетілгенін еске сала кеткен орынды. Нәтижесінде аталған білім беру бағдарламалары бойынша бөлінген мемлекеттік гранттары биыл 100 пайыз игерілді!

✅ Ғалымдар агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тартуды күшейту шаралары мен егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінгенін құптай отырып, бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тартуды ойластыру қажеттігін қолдайды.

«Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», - деген Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл тұрғындары үшін өз өнімдерін өңдеуге және өткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру жұмыстарына, агросала мен ғылым-білімді дамытуға бағытталған басқа да тапсырмаларды орындауға KazNARU мамандары да атсалысатыны анық.

✅ «Алдымызда ауқымды жұмыстар кешені күтіп тұр. Мемлекет басшысы айтқандай, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан, барша қазақстандықтармен бірге Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы да алға қойылған игі мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға әрқашан дайын», - дейді университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник