KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА ҚЫТАЙ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Қазақстан-Қытай қуаңшылық өңірлерде суды барынша тиімді пайдалану жөніндегі халықаралық зертхананың» ашылу салтанаты болып өтті.

✅ Зертхананың басты мақсаты – Қытайдың алдыңғы қатарлы озық технологиялары негізінде Қазақстанда су ресурстары мен энергия-су жүйелерін ақылды басқаруға үлес қосу. Цифрлық және IT технологиялар жетістіктерін қолдана отырып, агроөнеркәсіп саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, суды тасымалдау, үнемдеу, тиімді пайдалану механизмдерін студенттерге үйрету арқылы білікті мамандар даярлау.

✅ Салтанатты жиынға KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары, профессор Пірімқұл Ибрагимов, Қытай ауылшаруашылық университетінің Вице-президенті, профессор Ду Тайшэн, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, ҚХР Ғылым және технологиялар жөніндегі консулы Чжан Вэй, DAYU Irrigation Group компаниясының Вице-президенті Цуй Цзин ханым және екі университеттің проректорлары мен декандары, зерттеуші ғалымдары мен су мамандары қатысты.

✅ «Біздер соңғы жылдары Қытай ауылшаруашылық университетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеміз. Бұған дейін де бірнеше бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтарын аштық. Бүгін осы халықаралық зертхананы құрып, барлық техникалық жабдықтары мен компьютерлік құрылғыларды орнатып, іске қосуға қолдау көрсеткен шетелдік серіктес әріптестерімізге үлкен алғыс білдіреміз. Бұл қадамдар екі елдегі агросаланың жаңаша дамуына, құрғақшылықты сезініп отырған аймақтарда су тапшылығын жоюға және бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлау барысында ықпалы зор болатынына сенімдіміз», - деді өз сөзінде Пірімқұл Ибрагимов.

✅ Қонақтар тарыпынан ҚАУ Вице-президенті, профессор Ду Тайшэн, ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй, DAYU Irrigation Group компаниясының Вице-президенті Цуй Цзин Қазақстан-Қытай бірлескен жаңа зертхананың ашылуына ризашылықтарын білдіріп, алғашқы тыңдаушы болып отырған студенттерге сәттілік тіледі.

✅ Ситуациялық орталықта болған кездесу барысында ҚАУ Инженерлік факультетінің деканы, профессор Сонг Чжэнхэ, Ғылыми-технологиялық жайылым факультетінің деканы Чжан Инжун, Ғылыми-технологиялық жайылым шаруашылығы факультетінің профессоры Ван Сяньго, Су ресурстары және құрылыс инженериясы кафедрасының профессоры Лю Вэнфен, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Тан Лу өзара байланысты дамытудың жолдарын нақтылау туралы өз ұсыныстарымен бөлісті.

✅ Еске сала кетейік, осының алдында KazNARU басшысы Ақылбек Күрішбаев пен профессор Ду Тайшэн кездесіп, білім беру мен ғылым саласындағы ортақ жобаларды талқылап, кәсіби су мамандарын бірлесе даярлаудың перспективалық жолдарын ақылдасқан болатын.

✅ Сапар соңында Ду Тайшэн мырза университетіміздің 5 үздік студентіне Қытай ауылшаруашылық университетінде білімін жалғастыруға арнайы грант бөлінгенін жеткізді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник