KazNARU базасындағы «ТИАШМИИ» ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫНДА АЛҒАШҚЫ ДӘРІС БАСТАЛДЫ
Екі мемелекеттің Президенттерінің қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында ашылған «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университеті филиалының инфрақұрылымы толық жасақталып, оқу зертханалары мен ғылыми орталықтары білім алушыларға толыққанды қызмет көрсете бастады.
«ТИАШМИИ» ҰЗУ Алматы қаласындағы филиал директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бердишев Абдурахим Сулейманұлы болашақта су маманы болғысы келетін алғашқы 31 студент дәріс алып жатқанын жеткізді.
Агросектор саласына қажетті инновациялық технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті білікті мамандар «Су шаруашылығы және мелиорация», «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару», «Мелиорация және суармалы егіншілік» білім бағдарламасымен оқитын болады. Бітіруші түлектер екі университеттің дипломын алып шығалы.
«Студенттердің жақсы білім алуы үшін зәулім оқу ғимараты, барлық оқу залдары, тәжірибелік зертханалар заманауи үлгіде жасақталды. Соңғы типтегі компьютерлер мен интерактивті тақталар, спутниктік желіге қосылған көмекші техникалық құралдар Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізіліп отыр. Мұндай техникалық жабдықтар басқа ЖООларда жоқ. Филиалымызға осындай үлкен материалдық және моральдық тұрғыдан жағдай жасаған KazNARU басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлы мен әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Бізге көрсетілген сенім мен үмітті ақтайтын боламыз», - дейді филиал директоры Абдурахим Бердишев.
Жаңа филиалдың алғашқы білім алушыларына сәттілік тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі