KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ «ALMATY GARDEN SHOW» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

✅ 2024 жылғы 13 қыркүйекте Алматының орталық саябағында Қазақстандағы бау-бақша өнерінің, ландшафтық дизайнның және қоршаған ортаны абаттандырудың жалғыз халықаралық Almaty Garden Show фестивалі басталды. Фестиваль биыл Қала күнін мерекелеуге байланысты он екінші рет орайластырылып отыр.

✅ Almaty Garden Show фестивалінің басты мақсаты – өркениет пен экологияның маңызды элементі саналатын қоршаған ортаны жасылдандыру миссиясына жұртшылықтың назарын аудару, еліміздегі ландшафттық дизайннің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, жалпы әлемдік заманауи үрдістер аясында дамып келе жатқанын қоғамға таныту.

✅ Белгілі бау-бақша дизайнерлері мен өсімдік питомниктерінің сәулетшілері бас қосқан іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушылары мен студенттері – «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы Д.Н.Сарсекова, қауымдастырылған профессор Ф.А.Тоқтасынова, KazNARU жанындағы «Sky Garden» қытай компаниясымен бірлесіп жаңадан құрылған «Қазақстан-Қытай ландшафттық инновациялар орталығының» директоры Цзян Бинью және аудармашы, PhD Н.Б.Сапарбаева қатысты.

✅ Іс-шара аясында фестиваль қатысушылары ландшафт және бау-бақша өнері саласындағы заманауи трендтермен және жетістіктермен танысуға мүмкіндікке ие болды. Жасыл жәрмеңкенің шатырларында гүлді сәндік өсімдіктер, шағын абаттандыру алаңдары ұсынылды. Сондай-ақ, шақырылған сарапшылар мен жетекші мамандар студенттерге интерактивті демонстрациялар мен шеберлік сабақтарын өткізді.

✅ Ландшафтық дизайн және көгалдандыру саласындағы көптеген танымал кәсіпорындардың басшылары біздің студенттерге жұмыс орындарын ұсынды және білікті ландшафтық дизайнерлерді дайындау бойынша өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник