KazNARU

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

✅ 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақ аграрлық зерттеу университетінде Алматы қаласы Дін істері басқармасымен бірлесе отырып, «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» ақпараттық іс-шарасы өткізілді.

✅ Кездесуге ҚР ҒжЖБ министрлігі Ғылым комитетіне қарасты «Философия, саясаттану және дінтану институты» Дінтану орталығының директоры, республикалық ақпараттық -түсіндіру тобының мүшесі, PhD доктор Алмасбек Шағырбай, KazNARU Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі Әшірәлі Сманов, Университет омбудсмені, Әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маман Масқат Иманбеков, топ кураторлары мен 1-курс студенттері қатысты.

✅ «Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризм қаупі халықаралық қоғамдастықты қатты алаңдатып отыр. Әсіресе, жаңа технологиялардың дамуы жастар арасында теріс пиғылдағы діни ұйымдардың ақпараттық қызметін онлайн таратудың алаңына айналғаны да жасырын емес. Сондықтан да, елімізде діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін жүйелі құруға, оны насихаттауға – жалпы қоғамдық маңызы бар мәселе ретінде ерекше назар аударылады», - деді республикалық ақпараттық -түсіндіру тобының мүшесі Алмасбек Шағырбай.

✅ Осындай мазмұнды іс-шаралар ақпараттық қауіпсіздік аясын кеңейтіп, жастардың экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұру көзқарасын қалыптастырып, қоғамды ірітетін қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді.

✅ Спикерлердің айтуынша, Алматы қаласындағы ЖООлар аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, интернет желісінде экстремистік материалдарды тануға, жастар ортасында теріс идеологияның таралмауын ескерту механизмдерін күшейтуге бағытталған тақырыптық дәрістер, кураторлық сағаттар тұрақты өткізіліп келеді.

✅ Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы құқықтық және ақпараттық-ағарту аспектілері түсіндіріліп, тақырып бойынша ашық диалог өткізіліп, онда қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник