KazNARU

ҒАЛЫМДАР КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІН БІРЛЕСЕ ЗЕРТТЕЙДІ

ҒАЛЫМДАР КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІН БІРЛЕСЕ ЗЕРТТЕЙДІ

21.09.2024, 13:25

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР РЕСЕЙ, БЕЛАРУСЬ ЖӘНЕ БАСҚА ЕЛДЕРДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН СЕРІКТЕСТІКТІ КЕҢЕЙТІП ЖАТЫР, деп хабарлайды 24kz.

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Ресей ғылым академиясымен және Біріккен ядролық зерттеулер институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Іс-шара Мәскеуде Ғылым академиялары халықаралық қауымдастығы кеңесінің 37-ші отырысы шеңберінде өтті. Ұйымға ТМД елдері, Қытай, Вьетнам, Моңғолия, Черногория және Куба ғалымдары кіреді Ғылым академиялары халықаралық қауымдастығы кеңесінің отырысы Ресей ғылым академиясының 300 жылдығы аясында өтті.

Жиында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Вьетнам, Қытай және тағы басқа елдердің ғылыми және білім беру орталықтарының өкілдері бас қосып, ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев қазақстандық жас ғалымдар ғылыми кеңес жұмысына белсенді түрде атсалысатынын атап өтті. Экология, климаттың өзгеруі және су ресурстарын басқару бойынша байланыстарды нығайтуды ұсынды.

Источник: https://24.kz/.../671669-alymdar-klimatty-zgeruin-birlese...

---------Chatbot---------
виртуальный помощник