KazNARU

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ KazNARU-ДЫ ТАҢДАДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне жаңа оқу жылында 1500-ге жуық мемлекеттік грант иегері қабылданды. Олардың 9-ы «Алтын белгі» иегері болса, 36-сы қызыл атестатпен мектепті аяқтаған. Сонымен қатар, білім ордасына түскен студенттердің қатарында спорт шеберлері мен көп тілді меңгерген алғыр жастар да бар.

✅ Жүз жылға жуық тарихы бар KazNARU бүгінде білім беру мен ғылымды игерудің жаңаша сипатына леп беруде. Университетте жастардың білім алуына толық жағдай жасалған. Содан да болар байырғы, жетекші жоғарғы оқу ордасы нағыз заманауи ғылыми зерттеу университетіне айналып отыр. Жаңа оқу жылында жалындаған жастардың алғашқы қадамдарына сәттілік тілеген Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев сол мүмкіндіктердің барынша биік мақсаттарға жол ашатынын ашық айтқан еді.

✅ «Біздің негізгі көздегеніміз – білім алушыларың саны емес, оқу бағдарламасының сапасы! Түпкі мақсатымыз – әлемдік талаптарға сай заманауи, әділетті университет құру! Осы бағытта университеттің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Барлық оқу-зертханалық ғимараттар мен студенттік жатақханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 30 жылда бірінші рет 450 орындық 9 қабатты заманауи үлгідегі жаңа жатақхананың құрылысы басталды. Жүйелі атқарылған істердің нәтижесінде, KazNARU Алматы қаласында өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанып отыр. Біз болашақта сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауды басты мақсат тұтамыз», - деген Ақылбек Күрішбаев.

✅ QS халықаралық рейтингісі бойынша Орта Азияда 6-шы, Қазақстанда 5-ші орын алатын жетекші білім ордасын таңдаған білімгерлердің де мақсаттары айқын. Олардың KazNARU-ды таңдауына бала күнгі жан-жануарға деген қызығушылығы, арманы алып келген. Енді қуаныштарында шек жоқ!

✅ Қадыр Бекжаппар Абайұлы: « Мен Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Таскескен ауылында туып өстім. «Алтын белгі» иегерімін. Бала кезден жануарларға деген қызығушылығым өте жоғары. Сондықтан ветеринария саласын таңдадым. Бұл саланы елімізде ең жақсы оқытатын жоғарғы оқу орны ретінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін таңдадым».

✅ Арил Алина: «Мен Шымкент қаласынан боламын. Отбасымда 4 адам. «Алтын белгі» иегерімін. Кішкентай кезімнен үйде көптеген жануарларым болған. Өсе келе оларға деген қызуғышылығым артып, жақынырақ білгім келді. Сол себепті мен ветеринария факултетін тандадым. Алға қойған мақсаттарыма KazNARU-мен бірге жетемін деген ойдамын».

✅ Нурова Адилям Савутжановна: «Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кіші Дихан ауылы "М. Таипов атындағы орта" мектебін алтын белгіге бітірдім. 2023-2024 жылғы түлекпін. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінде «Ветеринария» мамандығында оқып жатырмын».

✅ Маликова Малика Халмуратовна: «Мен «Алтын белгі» иегерімін. Ветеринария факультетінің студентімін. Өзім қалаған университетке түскеніме өте қуаныштымын. Әрі болашақта ғылым саласына аз да болса үлес қосқым келеді. Басқа студенттерге білім саласында сәттілік тілеймін!»

✅ Шынында, қазір білектегі күшке емес, бастағы білімге сенетін заман. Ал университет білімгерлерінің биік мақсаты, талап-жігері мен айқын бағдары осында орындалатынына сенім мол.

Баспасөз қызметі.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник