KazNARU

«Тілдің мерейі - елдің мерейі» онкүндігі аяқталды

KazNARU қабырғасында ұйымдастырылған «Тілдің мерейі - елдің мерейі» атты тілдер декадасы өз мәресіне жетті. Көп күндік іс-шара «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы және Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментімен біріге отырып, «Тілдердің үштұғырлы» саясатын іске асыру бағдарламасы аясында өткізілген болатын.

Университет көлемінде ұйымдастырылған апталық қыркүйектің 5-де бастау алды. Тіл мәртебесін асқақтатуды мақсат тұтқан шара 4 бағытта, атап айтқанда, «Қазақ тілі», «Тарих және философия», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» жұмыс жасады. Осы жоба бойынша ақын-жазушылардың тіл туралы өлең-жазбаларын жатқа айту, интерактивті ойындар өткізу әртүрлі мәдени-тарихи мұражай орталықтарын аралау жоспарын қамтыды.

Онкүндік аясында орыс және ағылшын тілдерінен олимпиада өтті. Ағылшын тілі пәні бойынша «Discover my Hometown» тақырыбында Алматы қаласының көрікті жерлері туралы презентациялар байқауы өтті, Орыс тілі пәні бойынша «Қазақстандағы үштілділік» тақырыбында бейнероликтерді дыбыстау байқауы өткізілді. Сонымен қатар, шара барысында тарих пәні бойынша «Тіл – халық рухы» тақырыбында білімгерлер ой-өрісін сынға алған интерактивті ойындар өткізілді.

Ағылшын тілі бойынша 1 орынды ГМУ-24-08 тобының студенті Серік Азамат,  2 орынды Вет-24-09А тобының студенті Матвеева Таисия, 3 орынды ЛР-24-09 студенті Азет Жания иеленді. Орыс тілі бойынша 1 орынды АГ 24-01к тобының студенті Джалимбет Жанель, 2 орынды ЛДО 24-19к тобының студенті Чежимбай Нурболат, 3 орынды Эколог 24-05к  тобының студенті Еркин Акерке иеленді. «Тіл – халық рухы» атты интерактивті ойында 1 орынды ТПРП-24-17 тобының студенті Төлеген Сүндет,  2 орынды ВетПБиТ 24-19А тобының студенті Ахиев Расул, 3 орынды АиУ – 18Р тобының студенті  Хисамутдинов Эмир иеленді.

Жастар А. Байтұрсынұлы және М. Әуезов атындағы мұражайға да барды.

Түрлі тілдің байлығын, мәдениетіміздегі рөлін терең түсінуге негізделген декада университет жастарының көкжиегін көгертуге, білім өрісін кеңейтуге үлкен леп болды.

Шараның салтанатты жабылу кешінде осы апталық барысындағы әр секцияның жұмыс тізбегінен бейнероликтер ұсынылды.

Соңында тіл мерейі мәртебесін асқақтатуда белсенділік танытқан студенттер Университет тарапынан әртүрлі сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындардың сыйлық қоржынын толықтыруда студенттер де қалыс қалмағандығын ерекше атап өткіміз келеді. ЛР 24-04к тобының студенті Жарахмет Арлан өзінің атынан жүлделі орындарға 9 сымсыз құлаққап тарту етті.

Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып өтеді. Бұл мереке - елімізде тұратын этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрамы.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник