KazNARU ҰЖЫМЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУҒА ҚАТЫСТЫ
2024 жылғы 02 қазанда сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
ТЖ жергілікті бөлімшесінің басшысы Ерлан Молдағұлов мұндай жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде персоналдың дағдылары мен іс-қимылдарын үйлестіру, жер сілкінісі кезінде азаматтардың дұрыс іс-қимылға дайындығын арттыру мақсатында жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Оның мақсаты-адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау. Университеттің барлық ғимараттарындағы адамдар шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа шығарылды. Білім алушылар мен қызметкерлерге сейсмикалық жаттығулар туралы түсінік берілді.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімшесінің жетекшісі Ерлан Молдағұлов алдағы уақытта кестеге сәйкес әр факультетте сейсмикалық жаттығулар нұсқаулығымен таныстыру жұмыстары өткізілетіні туралы айтты.