KazNARU

«COURSERA» БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕ ОНЛАЙН ОҚЫТУ

✅«ҚазNARU» КЕАҚ Coursera платформасының білім беру контентіне қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен 400 пайдаланушылық лицензия алды. Университет алған лицензияларды білім беру бағдарламаларына біріктіреді.

✅ҚазNARU-да 610 білім алушы мен профессор-оқытушы құрамға арналған «COURSERA» компьютерлік сыныбы жұмыс істейді. «COURSERA» білім беру платформасында оқыту әлемнің жетекші университеттері мен технологиялық компанияларынан бірегей курстарды оқуға, сондай-ақ тегін сертификаттау мүмкіндігін алуға мүмкіндік береді.

✅ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарына «COURSERA» халықаралық платформасы енгізілді. «BMG UpSkill» компаниясы Қазақстандағы Coursera білім беру платформасының эксклюзивті серіктесі болып табылады және ол 201 курсты қазақ және орыс тілдеріне аударды. Осы «BMG UpSkill» компаниясы біздің университетте «COURSERA» компьютерлік сыныбын жасақтады.

✅Бұл платформа әртүрлі білім, дағдылар мен пәндердің кең спектрін қамтитын 11 мыңнан астам және 100 оқшауландырылған оқыту курстарына қол жеткізе алады.

✅Coursera әлемнің 300-ден астам жетекші университеттерінен (Стэнфорд, Дьюк, Йель университеті, Колумбия университеті) және технологиялық алыптардан (Meta, Google, Intel) оқытуды біріктіреді.

✅Қазір Coursera білім беру платформасы әлемнің түкпір-түкпірінен 124 миллионнан астам оқушыны біріктіреді, Стэнфорд университеті, Йель университеті сияқты әлемнің ең күшті университеттерінің ішінен 185-тен астам серіктесі бар, сондай-ақ Google, IBM, Microsoft және т.б. сияқты 115-тен астам танымал жаһандық технологиялық және өнеркәсіптік компаниялар бар.

✅Қазіргі уақытта білім алушылар мен ПОҚ «Coursera» платформасын белсенді пайдаланады, онда 85075 бейне-жазба қаралды, 67823 материалдарды өз бетінше зерделеу үшін пайдаланылды, 61749 тапсырма орындалды, соңғы 90 күнде университетте курстарда 5,501 жазба жасалды, 7273 сағат оқытылды. 2023-2024 оқу жылында халықаралық тұғырнамада білім берудің үш деңгейі бойынша 34 пән интеграцияланған.

✅Ең танымал оқу бағыттарының ішінен IT технологияларды, бизнес курстарын, тілдерді үйренуді, тұлғалық және мәдени дамуды, өнерді, әлеуметтік ғылымдарды бөліп көрсетуге болады. IT курстары арасында Python, бағдарламалау негіздері, Adobe Photoshop, HTML және CCS негіздері, Android, Big Data үлкен қызығушылық тудырады.

✅Ағылшын тілін үйрену кезінде пайдаланушылар оқыту әдістемелеріне, сөйлесу және іскерлік тілді меңгеру дағдыларын арттыруға, сондай-ақ грамматикаға басымдық береді.

✅Coursera білім беру платформасы әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінен (GOOGLE, IBM, Facebook, Stanford University, Yale University, Johns Hopkins University, Princeton University және т.б.) тегін курстардан өтуге бірегей мүмкіндік береді.

Курс сәтті аяқталғаннан кейін білім алушылар сертификат алады.

ҚазNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник