Өңірлерде медицина ғылымын дамытуға көңіл бөлінбек
Өңірлерде Медицина ғылымы дамиды, деп хабарлайды qazaqstan.tv. Ілгерілетудің тетіктері Қарағанды облысында өткен «Медицина ғылымын дамыту. Болашақ медицинасы: жаңа көкжиектер» атты көшпелі отырыста қаралды. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, қазір климаттың өзгеруі мен басқа да ғаламдық сын-қатерлердің әсерінен қоршаған ортаның жағдайы күрт нашарлады. Экологиялық ахуал ушығып, денсаулық сақтау мәселелері ерекше өзектілікке ие болды. Кадр тапшылығы, қаржыландыру, ғылымды дамыту сынды мәселелер шешімін табу керек деді.
Ақылбек Күрішбаев, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
"Бүгінгі күні отандық медициналық ғылымның белгілі бір жетістіктері бар. Ұлттық ғылым академиясының міндеті - денсаулық сақтау министрлігіне саланы ғылыми қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруға жәрдемдесу. Әрі аймақтық «Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестері» арқылы жергілікті атқарушы органдарға, өңірлердегі халыққа медициналық қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін шешу көмектесеміз".
https://qazaqstan.tv/news/200692/