KazNARU

KazNARU-ДА АЛМАТЫНЫҢ ЕҢ ДӘМДІ АЛМАСЫ ТАҢДАЛДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Алматының ең үздік алмасы таңдалды. Шара білім ордасының «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасында өткізілді.

✅ Акцияның мақсаты – сан ғасырлық тарихы бар, оңтүстік шаһардың символына айналған алматылық алманы қолдау және насихаттау. Содан да болар бұл іс-шараға жеміс-көкеніс шаруашылығының сарапшылары мен мамандары, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

✅ Жиылған жұрт акция аясында қазақстандық және шетелдік алма сортының дәмін татып, өз бағасын берді. Әсіресе, алматылық алманың дәмділігі ерекше екенін қала қонақтары да, халқымызда жақсы біледі. Экологиялық таза, құнарлы әрі сапалы, бас айналардай балғын.

✅ Қатысушылар қатарына тәуелсіз сарапшылар мен студенттер, Өзбекстан мен Үндістан және елдегі өзге жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, ұстаздары енген. Олар алманың 9, яғни, әйгілі алматылық апорт, Салтанат, Іле Алатауы алмасы, Мойсеев, Ренет Аброменко және шетелдік Стар Кримсон, Голден Делишес, Айдарлет, Джонаголд сынды сортын салмаққа салды. Нәтижесінде отандық өнімдеріміз үздік деп танылды.

✅ Әсіресе Ренет Аброменко және Мойсеев сорттары өте жоғары бағаға ие болды. Бұл елдегі жеміс өсіруде елеулі із қалдырған біздің лайықты селекционерлеріміздің еңбегі. Шараға қатысушылар дәл осы науқанды дәстүрге айналдарып, жыл сайын ұйымдастырып тұруды ұсынды.

✅ Осылайша, нағыз алманың отаны – Алматы екені тағы да бір дәлелденіп отыр.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник