KazNARU

KazNARU ҚАБЫРҒАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРІХАНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ 

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде салтанатты түрде әлеуметтік дәріхана өз жұмысын бастады. Оқу ордасының студенттері мен әлеуметтік осал топтарға арналған дәріханадағы дәрі-дәрмектің бағасы нарықтан 10-15% арзан, әрі қол жетімді болады. 

✅ Әлеуметтік дәріхана №1 жатақхананың (Уәлиханов көшесі, 7) 1 қабатында «Almaty clinic» медициналық орталығының жанында орналасқан, ауданы 30 м2. 

✅ Жобаның демеушісі «Almaty clinic» ЖШС. Әлеуметтік дәріхана іші заман талабына сай жарақталған және қажетті дәрілік заттың бәрі бар. 

✅ Тағы бір айта кетерлігі "Almaty clinic" ЖШС жыл сайын аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге қаржылай қолдау көрсету үшін 3 млн.теңге қаражат бөледі. Бұл ақша ай сайын университеттің 5 студентіне 50 000 теңге көлемінде стипендия ретінде түсіп отырады.

✅ Университет қызметкерлері мен білім алушыларға арналған әлеуметтік нысаналы көмекті күшейту - басты назарда. Содан да болар білім ордасында әлеуметтік дүкен де бар. Мұнда күнделікті тұтынатын нан-сүт, азық-түлік тағамдары қаладағы басқа сауда орындарына қарағанда 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады, сонымен қатар қызметкерлер мен студенттер үшін фермерлік қожалықтардан тікелей ауыл шаруашылығы өнімдері (ет, май, картоп, көкөніс, жеміс-жидек т.б.) көтерме сауда бағасымен жеткізіледі.

✅ Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап, кәсіподақтың мүшелері болып саналатын ПОҚ пен барлық қызметкерлерді Алматы қаласы ішіндегі қоғамдық көліктерде тегін жүру билетімен қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданған болатын. Қызметкерлердің ай сайынғы жол-шығындары «ОҢАЙ» жеке карточкаларына аударылып келеді.

✅ 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің еңбекақысы 20 пайызға көтерілді. Осылайша ішкі үнемделген қаржылардың есебінен, соңғы екі жылда кезең-кезеңімен жалақы 120 пайызға өсіп отыр. Жалақының өсу көрсеткіші бойынша біздің университет басқа ЖОО-ның арасында жетекші орынға шықты.

✅ Қазіргі уақытта KazNARU өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне көшті. Университет базасында ағаш, пластик материалдардан оқу орнына қажетті бұйымдар жасайтын шеберхана цехы, жаңа іс машиналарымен жабдықталған тігін цехы іске қосылған. Нәтижесінде барлық жатақханалардығы төсек-орын жабдықтары, матрацтар мен жамылғылар, терезе перделері толықтай жаңартылды.

✅ KazNARU - Алматы қаласындағы өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет. Жайлы да жарық тұрғын бөлмелер, ас үйлер мен дәліздер, тазалық орындары заман талабына сай жабдықталған. Студенттерге қажетті жиһаздар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналары, электр-газ плиталары қойылған.

✅ Біздің басты мақсатымыз – оқу сапасына қол жеткізу, цифрлы университет құру, халықаралық талаптарға сай, нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналу. Әрі әлемдік талаптарға сай заманауи, әділетті университет құру. Соңғы екі жылда атқарылған түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде оқу ордамыздың бәсекеге қабілеттілік тұғыры күшейді, алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі жетекші зерттеу университетіне айналатынымызға сеніміміз мол.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник