KazNARU

KazNARU ҒАЛЫМЫ «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің сапасын басқару» халықаралық зерттеу орталығының жетекшісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Омбаев Абдирахман Молданазарұлы «Құрметті профессор» атағына ие болды. Мұндай марапат Өзбекстан Республикасының Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің кеңейтілген ғылыми кеңесінің 27 қыркүйек 2024 жылғы № 2 шешіміне сәйкес беріліп отыр.

✅Ол Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің «Жайылым мал шаруашылығы, қаракөл, ара, жібек шаруашылығы» кафедрасының студенттері, аспиранттары мен докторанттарына «Қазақстанның мал және қаракөл шаруашылықтары» тақырыбында дәріс оқыды.

✅Жалпы, Абдирахман Молданазарұлының «Қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» (Санкт Петербург- Москва- Краснодар, 2022 жыл) оқулығы бойынша Ресей Мемлекеттік аграрлық университетінде, К. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясында және Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінде дәріс оқылады. Ғалым еңбегі аталмыш оқу орындарында «Қаракөл шаруашылығы пәні» оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник