Қазақстан мен Қырғызстандағы ең көне алма сорттарын сақтау бойынша «АLMА-КIKA» жобалық кеңесінің үшінші отырысы өтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «АLMА-КIKA» жобалық кеңесінің үшінші отырысы өтті. DBU қаржыландыратын ынтымақтастық шарасы «ALMA өңірлік басқармасының тұрақтылығы және Қазақстан мен Қырғызстандағы ең көне алма сорттарын сақтаудың құндылығы» тақырыбын қамтыды.
Аталмыш іс-шараның негізгі спикерлері қатарында «АLMА-КIKA» ынтымақтастық жобасының жетекшісі Матиас Крамер, «Almaly Zhumak» қоғамдық қорының басшысы Ажар Жандосова, ботаникалық суретші Бригитте Хофхерр, «Hochstamm Deutschland» фирмасының директоры Ханнес Бюркманн, ҚазҰАЗУ жанындағы КAGEB менеджері (Қазақ-Герман экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау институты) Турдиев Тимур бар. Олар алма тұқымын сақтау аясында салмақты баяндамаларын жасады.
Жиынның басты мақсаты – ҚазҰАЗУ зертханасында өсірілген Malus sieversii көшетін отырғызу, өсіру, кеңейту жұмыстарын жоба аясында қалай жүргізуге болатынын және де туризм тұжырымдамасына бұл істі қандай жолмен біріктіруге болатынын талқылау.
KazNARU Баспасөз қызметі