«ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «25 ҚАЗАН- РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ» ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады.
2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заңы бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
23 қазанда «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы «25 Қазан - Республика күні, ұлттық мереке» атты құттықтау іс-шарасын өткізді. Іс-шараны 1-2-3 курс студенттері және мұғалімдер ұйымдастырды.
Топ кураторлары: Мамаева Лаура Асильбековна, Жалелов Дулат Бейбітұлы, Сулейменова Жулдуз Маукеновна, Тайжанова Маржан Арипжановна, Каимбаева Лейла Амангельдиновна. 1-2 курстар арасында домбыра тартылып, тәттілер таратылып, студенттер арасында флешмоб өткізілді.
Бүгінгі күні әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімі болу керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз тәуелсіз елде бақытты өмір сүруі үшін біз оларға дұрыс жол көрсетуіміз қажет.
Сондықтан Тарихымызда ерлік пен батылдықтың, әділеттілік пен теңдіктің символы ретінде мәңгі сақталатын күнді атап өтіп, патриоттық рухты қалыптастыруымыз қажет.
ҚазNARU баспасөз қызметі