KazNARU

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ- МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университтетінің «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Кафедра күні» іс шарасы аясында «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасынның студенттерінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру сапасын басқару» Халықаралық зерттеу  орталығының жетекшісі, академик Әбдірахман Молданазарұлы Омбаевпен «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді.

Мақсаты: - мамандықтың  құндылығы туралы түсінікті кеңейту Белгілі ғалым-ұзтаздардыңеңбек өмір жолдарымен, олардың ғылымдағы жетістіктермен таныстыру.

Іс шараны кафедра меңгерушісі профессор Бейбіт Тұрғанбекұлы Құлатаев ашып, академик Омбаев Әбдірахман Молданазарұлының еңбек және өмір жолымен таныстырып студенттерді мал шаруашылығының белгілі ғалымдарымен таныстыруды осылайша жалғастыру жоспарланғаны туралы айтты.

Профессор Әбдірахман Молданазарұлы өзінің өмір жолымен таныстыра отырып қазақтың ауылынан шығып 1966 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының ғалым-зоотехник мамандығын тандаған, сол мамандықты мақтан тұтатының айта келе еңбек жолында тек бір мамандық байынша, белгілі ғалым, Созақ ауданның әкімі, Мәскеуде аспирантурада оқып ұлы ғалымдардан дәріс алғанын, 25 жыл үш белгілі мал шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын басқарғанын, 9 ғылым докторы, 29 ғылым кандидатын 2 PhD – докторы мен 11 магистрантар дайындағаның айтты.

Студенттерге үлкен әсер қалдырған профессор Әбдірахман Молданазарұлының ғылым жолындағы жетістіктері, оның ішінде шөлді- шөлейтті аймақта өсірілетін қаракөл қой тұқымы мен түйе тұқымдары және оның жетекшілігімен әрі тікелей қатысуымен шығарылған ордабасы қой тұқымы, шопанның аса таяғына алған патенке қызығушылық танытты.

Әбдірахман Молданазарұлының ерекше мән берген тақырыбы – ол зооинженерия мамандығы, мамандықтың қазақ еліне қажеттілігі болды.

 

«Зооинженерия және биотехнология»

кафедрасының ассистенті Спатай Н.Н.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник