KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ЕЛІМІЗДЕГІ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

✅2024 жылдың 1 қарашасында Инженерлік технологиялар факультеті «Технология және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» және «Аграрлық техника және машина жасау» кафедраларының 3 және 4 курс студенттері «Шин-Лайн» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Тренинг шараға бизнес-тренер Лавриненко Антон келді.

✅Сонымен қатар, қонақтар қатарында кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу бойынша маман Сарандаева Елена және кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу жөніндегі маман Какенова Орынбала бар.

Тренингтің мақсаты – студент жастардың болашақта табысты жұмысқа орналасуы үшін қажетті іскерлік қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Әрі әлеуметтік сенімді арттыру.

✅Университетімізді аяқтаған жастар мұндай ірі компанияларда таптырмас маман ретінде жоғары бағаланады.

✅Жалпы, «Шин-Лайн» компаниясы - Орталық Азиядағы балмұздақ, сүт пен май, вафли, мұздатылған жартылай фабрикаттар және тез дайындалатын кеспе шығару бойынша №1 өндіруші болып табылады.

✅Аталмыш өндіріс орны осыдан 20 жыл бұрын шағын отбасылық балмұздақ зауыты ретінде жұмысын бастаған еді.

✅«Шин-Лайн» ЖШС қызметкерлеріне қызықты және пайдалы кездесу үшін алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа сенімдіміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник