ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚСТАН АҚЫЛДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қытай-Қазақстан ақылды ауыл шаруашылығы орталығын құру мәселелері бойынша кезекті жұмыс отырысы өтті. Шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов пен Lanzhou University университеті «Бір белдеу, бір жол» иниститутының директоры, профессор Лонг Руйжин қатысты.
Қытай-Қазақстан ақылды ауыл шаруашылығы орталығын құру туралы келісімнен күтілетін нәтиже көп. Әсіресе мұндай басқосу еліміздегі ауыл шаруашылығы саласына озық технологиялар трансфертін қамтамасыз ететін бірлескен орталық құруды көздейді.
Еске салайық, 2024 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздері барысында KazNARU мен Lanzhou University арасында «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын құру туралы» келісімге қол қойылған.
Орталық құрамында:
1. Germplasm селекциясы мен ресурстарының инновациялық платформасы
2. Климаттың өзгеруі және бейімделу платформасы (суды үнемдеуді қоса алғанда)
3. Төмен көміртекті тұрақты жасыл даму платформасы
4. AI + үлкен ауыл шаруашылығы деректер зертханасы
5. One Health бірыңғай денсаулық зертханасы
6. Ауыл шаруашылығы өнімдерін инспекциялау және карантин зертханасы болады.
Қытай тарапынан жоспарланған инвестиция мөлшері 7,7 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражат орталыққа қажет жабдықтар мен құрылғыларды жеткізуді қоса алғанда есептелініп отыр.
Орталықтың қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталатын болады:
- екі елде де жасыл және орнықты ауыл шаруашылығын дамытуға сеп болу;
- ауыл шаруашылығын цифрландыру;
- ұрық плазмасындағы инновациялар;
- жасыл және төмен көміртекті технологиялар;
- суды ұтымды пайдалану;
- зиянды организмдердің алдын алу және бақылау;
- ауыл шаруашылығы техникасын автоматтандыру, дәл басқару;
- ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы.
Осылайша, орталық қызметі нәтижесінде:
1. Салаға таптырмас заман талабына, әрі халықаралық стандартқа сай жоғары деңгейлі маман даярлау;
2. Саланы ғылыми қамтамасыз ету арқылы жаңа, халықаралық деңгейге шығару;
3. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына технологиялар трансфертін жүзеге асыру көзделеді.
KazNARU баспасөз қызметі