KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА «GREEN WEEK» ЖАСЫЛ АПТАЛЫҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қазақстанда тұрақты даму және экологиялық білім беру мәселелері бойынша жетекші орынға ие.

✅KazNARU аграрлық ғылым мен білім беру саласында тұрақты дамудың табысты көрсеткішіне айналып отыр. Аграрлық оқу орындары арасында ең алғашқылардан болып зерттеу университеті моделіне көшті. Нәтижесінде оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеуді инновациялық коммерцияландыруға ерекше мән бере отырып біріктіруге мүмкіндік берді. Осылайша ұлттық аграрлық зерттеу университеті жоғары білікті мамандарды дайындап қана қоймай, инновациялық өнімдер мен технологияларды әзірлеумен белсенді айналысады. Бүгінде университет құрамына республикадағы 4 ірі ғылыми-зерттеу институты және 3 тәжірибелік шаруашылығы қосылған.

✅Жасыл апта тақырыбы ерекше өзекті. Әлем теңдессіз сынақтармен бетпе-бет келуде. Ол қатарда: климаттың өзгеруі, ресурстардың жетіспеушілігі, халық санының өсуі бар. Азық-түлік қауіпсіздігінің болашағы жерді, суды және технологияны қаншалықты тиімді пайдаланатынымызға байланысты.

✅«KazNARU әрқашан инновациялардың алдыңғы қатарында болды. Біз селекция, агротехнологиялар және өсімдіктерді қорғау саласындағы жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Жасыл апта - бұл үздік жетістіктерді көрсетіп, тәжірибе алмасатын, әрі болашақ аграршыларға шабыт сыйлайтын ауқымды шара», - деді А.Қ. Күрішбаев.

✅Апта аясында мағыналы, мазмұнды бағдарлама тізбегі құрастырылған:

- ғылыми пікірталастар,

- жетекші мамандардан шеберлік сыныптары,

- конкурс нәтижелерін шығару,

- ұлттық саябаққа сапар және тағы басқалар.

✅Тұрақты даму мақсаттарына (ОДМ) байланысты проблемаларды шешуге тікелей бағытталған шетелдік әріптестермен жобаларды қоса алғанда, зерттеу жобаларын ынталандыру жүргізіледі. Бұл гранттар бөлуді, сыртқы инвестицияларды тартуды және нақты мақсаттарға бағытталған зерттеу орталықтарын құруды қамтиды.

✅Мысалы, 2024 жылы KazNARU заман талабына сай технологияларды енгізуге 1 млрд. теңгеге жуық шетелдік инвестиция тартты. Біздің ғалымдарымыз аграрлық сектордың тұрақты дамуына үлес қосатын бірқатар бірлескен бастамалар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде:

- Ақылды ауыл шаруашылығы: өнімді өсіру, жинау және сақтау процестерін оңтайландыру үшін сенсорларды, дрондарды және ЖИ пайдалану.

- Дәл егіншілік: шығындарды азайту және өнімділікті арттыру үшін тыңайтқыштар мен пестицидтерді ұтымды қолдану.

- Өнімді қадағалауға арналған блокчейн: азық-түлік тізбегінің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Үлкен деректерді талдау: негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін деректерді өңдеу.

- Цифрлық мамандар даярлау: аграрлық сектор үшін білім-білікті дамыту.

✅Бүгінде KazNARU - QS рейтингісінде «Ауыл шаруашылығы және орман ресурстары» бағыты бойынша пәндік рейтингіне кіретін Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз ЖОО. Сондай-ақ Green Campus бағдарламасын іске асыру және экологиялық таза технологияларды ілгерілету, көміртегі шығарындыларын азайту және жауапты тұтыну мен өндіріс қағидаттарын ілгерілету арқылы тұрақтылық рейтингінде бес университеттің бірі.

✅Бұл апталық - KazNARU-дың ғылым, білім және жаңа технологиялар саласындағы жетістіктерімен танысудың бірегей мүмкіндігі. Сондай-ақ жаңа серіктестер тауып, ынтымақтастық байланысты нығайтуға болады.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник