KazNARU

KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Инженерлік техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Жетісу облысындағы бірқатар колледжде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

✅Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Өмірде таңдау мүмкіндігі туғанда мейлінше мүлт кетпеуге мән беретін маңызды нәрсенің бірі – мамандық. Өкінішке қарай, бұл таңдауға келгенде шалыс басып, басқа шаруаның құлағынан ұстаған немесе мүлдем шарасыз жүрген азамат көп.

✅Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Көксу ауылшаруашылық колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Талдықорған индустриялық колледжі және Көксу политехникалық колледжі студенттері тиісті бағдарларын бағамдай алды.

✅Жалпы, бұған дейін баланың қандай мамандыққа бейім екеніне жете көз жеткізбестен, ата-аналардың көзқарасымен жасалған таңдаудың қаншалықты тиімсіз болғаны мына статистикадан көрініп тұр. Яғни осындай қателіктердің салдарынан еліміздегі жұмыс күшінің жартысынан көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса «Жаңа мамандықтар атласы» зерттеу жобасындағы деректер де бейжай қалдырмайды. Осы зерттеуде оқушылардың 87%-ы ата-аналары мен мұғалімдерінің ықпалымен мамандық таңдайтыны көрсетілген. Бұл ретте ата-аналардың 75%-ы балаларының қандай мамандықты қалайтынын толық түсіне алмағанын мойындаған. Аталған сауалнамаға қатысқан оқу-шылар мен олардың ата-аналарының 90%-ы кәсіптік бағдарлау туралы біле бермейтінін және бұған қатысты ақпаратты мақсатты түрде іздемегенін айтқан.

✅Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері:

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

✅Расында, кейінгі кезде қоғамда кәсіптік бағдар беру туралы түсінік кеңінен өріс ала бастады және ерте жастан мамандық таңдауға мән беретін жұрттың қатары көбейіп келеді. Бүгінде көптеген ортада аталған бағыттағы жұмыстар айтарлықтай жүйеленіп, кәсіптік бағдарлау бойынша арнайы орталықтар, кеңесші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл бетбұрыс, әрине, қуантады. Өйткені мамандық таңдауды оқуға түсер сәт таяғанда ғана ойламай, ерте бастан қамданған жөн.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник