KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ ТАҒАМТАНУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

✅Қазақ тағамтану академиясында Академик Т.Ш. Шарманов атындағы «Нутрициология» кафедрасының құрылуына 30 жыл және оның негізін қалаушы академик Т.Ш.Шармановты еске алу мақсатында мазмұнды іс-шара өтті. Бұл тағлымды кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Инженерлік технологиялар факультетінің студенттері қатысты.

✅Кездесу 2024 жылы 12 қарашада ұйымдастырылды. Іс-шарада сонымен қатар, тағамтану саласын одан әрі дамыту мәселесі де қозғалды.

Қазақ тағамтану академиясы – бұл ғылыми мекеме. Негізін қалаушы Т.Ш.Шармановтың басқаруымен академияның 50 жылдық тарихында тамақтану саласының медициналық-биологиялық мәселелерінің ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру мақсатында бірегей база құрылды.

✅Академик Төрегелді Шарманұлы Шарманов – қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның Еңбек Ері», ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі рет Лауреаты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғарғы Леон Бернард атындағы сыйлығының иегері, Қазақ Тағамтану Академиясының негізін қалаушы, тұрақты Президенті, Қазақ медицинасының мақтанышы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы.

✅Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу салдарын зерттеп, адам ағзасында ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму тарихын ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» атты тағам қоспалары шығарылды.

✅Аталмыш кездесуге шақырғаны үшін Инженерлік технологиялар факультеті, Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы Қазақ Тағамтану Академиясы Академик Т. Ш. Шарманов атындағы «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор М.С.Қайнарбаеваға, қауымдастырылған профессор А.Н.Кожахметоваға және де кафедраның белсенді студенттеріне алғыс білдірді!

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник