KazNARU ҚАБЫРҒАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ ҚОНАҚ ДӘРІСІН ЖҮРГІЗДІ
2024 жылдың 14 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі ғимаратында тәрбиесі мол тағлымды қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Бұл кездесуге Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі Шарипбаев Райымбек Алматұлы келді.
Қалалық прокуратураның ресми өкілі Райымбек Алматұлы дәрісті "Бөтеннің меншігіне қол сұғатын ұйымдасқан қылмысты топпен күресті күшейту мәселелері" тақырыбында жүргізді.
Бизнес және құқық жоғары мектебі ғимаратының 514-ші аудиториясында ұйымдастырылған шараға студенттер белсенді қатысты. Қоғамдағы өзекті мәселелерге қанық болып, көкейлеріне оң мәліметтер түйді.
KazNARU Баспасөз қызметі