KazNARU «АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ» ОНЛАЙН-ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қызметкерлері мен професор-оқытушылар құрамы, студенттер Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған онлайн-форумға қатысты.
Жиын ««Алаяқтықпен күрес және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбы аясында өтті. Онлайн-форумның қоғам үшін салар ойы терең. Тағлым-тәрбиесі мол жиынның жүйелі өтуіне университет тарапынан Тәрбие жұмыстары жөніндегі департаменттің әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков атсалысты.
Форумның негізгі мақсаты – интернет-гигиенасы мәселелерін, заманауи сын-қатерлер мен алаяқтық қауіптерді, сондай-ақ, оларға қарсы тұру әдістерін көрсету, түсіндіру, талқылау. Себебі, бүгінде сан түрлі қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтар әлеуметтік желі арқылы жұртты желіктіріп, түзу жолынан жаңылдыруда. Көбіне мұндай әрекеттің зардабын қаржылық сауаты төмен қара халықтың тартып отырғаны жасырын емес.
Аталған онлайн-форумға алаяқтықпен күрес және қаржылық қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын факультетіміздің белсенді жастары мен профессор-оқытушылар құрамы жұмыла қатысты. Әрі ойларымен бөлісіп, өздерін толғандырған өзекті мәселелері бойынша сауалдарын қойды, салмақты жауап алуға тырысты.
KazNARU Баспасөз қызметі