KazNARU

KazNARU «CAREER TIME» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

✅Бүгін 2024 жылдың 15 қарашасында НАРХОЗ университетінің базасында “CAREERTIME” кәсіби бағдар беру фестивальі өтті.

✅ЖОО түлектері мен жастарға арналған «CAREER TIME» қалалық бос орындар жәрмеңкесін Алматы қалалық әкімшілігі ұйымдастырып отыр. Ауқымды, әрі мүмкіндікке толы маңызды шараға еліміздегі 36 ЖОО, 500-ден аса 11 сынып оқушылары, студенттер мен түлектер қатысты.

✅CAREER TIME кәсіби бағдар беру фестивальінің мақсаты - қоғамдық тенденция мен сұраныстарды ескере отырып, жастардың мамандық таңдау, мансап құруда жеке әлеуетін қалыптастыру.

✅Содан да болар, мұнда IT және цифрлық дағдылардан бастап, шығармашылық пен салауатты өмір салтына дейінгі ең өзекті бағыттар бойынша шеберлік сыныптары мен шеберлік сабақтары өткізілді. Өз тәжірибесімен керемет жетістіктерге жеткен тұлғалар және белгілі мемлекеттік қызмет саласындағы мамандармен кездесу ұйымдастырылып, сұхбаттасу жүргізілді.

✅Кәсіби бағдар беру фестивальіне MARS, LG, BI Group, Jusan Bank, Қазақтелеком сынды 30-дан аса жұмыс беруші ірі компаниялар да келді.

✅Шара көркін үздік студенттік ұйымдардың қойылымдары мен кештің хэдлайнерінен әзірленген музыкалық бағдарламасы қыздырды.

✅CareerTime Festival – Cіздің кәсіптер әлеміне қадам басуыңыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник