KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «FOODEXPO QAZAQSTAN» – 26-ШI ОРТА АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

✅Алматыдағы «Атакент» ҚІЫО-да нарықтың жетекші ойыншыларын, инноваторларды және Қазақстан мен шетелден келген сарапшыларды біріктіретін тамақ өнеркәсібі мамандары үшін басты шара – FOODEXPO QAZAQSTAN-2024 көрмесі өтті. Дәстүрге айналған ауқымды шара биыл да үлкен жаңалықтарға толы.

✅2024 жылдың 13-15 қараша аралығында ұйымдастырылған «FoodExpo Qazaqstan» – 26-шi Орта Азиялық Халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері кураторлармен қатысты.

✅Мән-маңызы терең көрмеге 30 елден келген 383 қатысушы шикізат пен ингредиенттерден бастап автоматтандырылған өндіріс желілері мен инновациялық орау жабдықтарына дейін азық-түлік өндірісіне арналған өнімдер мен озық технологиялардың кең спектрін ұсыныпты.

✅Қатысушылар қатарында CIS Market (Қазақстан), Сere (Швейцария), Gostol (Словения), Fava S.P.A. (Италия), Denozli Ozstar (Түркия), Diosna Dierks&Söhne Gmbh (Германия), Storm Technologies (Қазақстан), Бірыңғай Сауда Жүйесі (Ресей/Қазақстан), Фаворит Техно (Қазақстан) сияқты сала көшбасшылары бар. Бұл – іс-шараның халықаралық аренадағы ауқымы кең екенін көрсетеді.

✅Көрме аясында білім алушылар жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер, орау және сақтау тәсілдерімен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдық өндіруші кәсіпорындардың бөлімдеріне барып, осы саланың мамандарымен сөйлесті. Осы арқылы студенттер өздеріне өте пайдалы ақпаратқа қанығып, ерекше әсермен қайтты.

✅Мұндай мамандандырылған көрмелерге жиі бару оқу процесіне әртүрлілік әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ технологтардың дағдыларын және білімдерін жетілдіруге үлкен серпін береді.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник