АЛМАТЫДА «БІЛІМ ЖӘНЕ МАНСАП – 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Алматыдағы «Atakent» халықаралық көрме орталығында 2024 жылдың 20 қарашасы күні жылдың ең негізгі, ауқымды іс-шарасы салтанатты түрде ашылды. «Білім және мансап – 2024» дәстүрлі халықаралық көрмесі отандық ЖОО мен қатар, алыс-жақын шет елдің көптеген жетекші университеттері мен ірі компанияларының басын қосты.
2024 жылдың 20-22 қарашасы аралығын қамитын «Білім және мансап – 2024» атты “ATAKENT-EXРО” XXIII Халықаралық көрмесіне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті де қатысуда. Университет өкілдері қатарында Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы, қабылдау комиссиясының директоры-жауапты хатшы Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің деканы Мусоев Асылбек Майлыбайұлы және «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы Сарсекова Дани Нұрғисақызы бар.
KazNARU 3 күндік іс-шарада кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, әрі оқу орнының мүмкіндігін толықтай түсіндіруге, ұсынуға тырысады.
Мән-маңызы терең мағыналы шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы» РММ және Қазақстанның баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылары қауымдастығының ресми қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
«Білім және мансап» көрмесі аясында «Ұлы жібек жолымен-2024» тақырыбымен XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі де келушілер назарына ұсынылды.
Іс-шараның салтанатты ашылуы ҚР ҒжЖБМ кеңесшісі Емелбаев Р.Т. құттықтау сөзімен басталды.
Айта кетейік, «Білім және мансап – 2024» көрмесі білім берудің барлық деңгейлері, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары мен құралдары, жаңа оқу бағдарламалары саласындағы жетістіктерді жиырма жылдан бері ұсынып келеді. Сонымен қатар, талантты жастарды үздік оқу орындарымен байланыстыруға, бағыт-бағдар беруге, баспалдақ болуға тырысады.
KazNARU Баспасөз қызметі