KazNARU

KAZNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ОҚЫЛДЫ

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті  Инженерлік технологиялар факультетінің 1 курс студенттерімен  Алматы қаласы  «Салауатты өмір»  бағдарламасының тренері, Отбасылық кеңесші, психолог Ильясова Гүлмира Баймұратқызы «Салауатты өмір салты» тақырыбында тренинг өткізді. 
Бұл тренинг студенттермен жұмыс істеудің ағартушылық және көшпелі бағдарламаларынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға дейінгі — адамдардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын және оны сақтау мен нығайту үшін қажетті ақпаратқа ие болуын қамтамасыз етуге бағытталған іс—шаралардың кең ауқымын түсіндірді.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялык мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты - салауаттанудың пайда болуы зандылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың нысаны біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны  қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден- аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден- сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауаттанудың рөлі - адамның ішкі биологиялык табиғатымен, өзін коршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Денсаулык сақтау шаралары.
Қимыл белсенділігі бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Денсаулықты сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау кажет:
•    жеке бас гигиенасын сақтау;
•    күн тәртібін орындау;
•    денешыныктырумен айналысу;
•    дұрыс тамақтану,
•    ағзаны шыңдау,
•    белсенді және көңілді болу.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник