KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗІП ҚАЙТТЫ
2024 жылдың 20 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Ветеринария факультетінің профессор-оқытушылар құрамы Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына барды. Онда «Ветеринария саласындағы мәселелерді шешудің инновациялық алғышарттары» тақырыбында өткен іс-шараға қатыстып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс шара “Талдықорған аграрлық-технологиялық”колледжінде болды. Ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді қозғаған кездесуді Жетісу облысының білім басқармасы, әдістемелік орталығы мен Талдықорған аграрлық-колледжі ұйымдастырып отыр.
Шара барысында Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Сүлейменов Марат Бекбосынұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру бағытында колледж түлектеріне Джуланов М.Н. профессор, в.ғ.д., Омарбекова У.Ж. профессор в.ғ.к., Махмутов А.К. қауым. профессор, в.ғ.к., Умбетжанов Қ.Ж. аға оқытушы, в.ғ.м. профессор-оқытушылар құрамы өз білім-білігі, тәжірибесі мен ғылыми зерттеу жұмыстары аясында мазмұнды мәліметтерімен бөлісті, бағдар берді.
Сонымен қатар тәжірибелік алаңға «Жетісу облысының Білім басқармасы» ММ, «Әдістемелік орталығы» КММ, Жетісу облысы ветеринария басқармасы ММ, ТжКБ ұйымдарының ветеринария пәндерінің оқытушылары, Ветеринария мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты.
Мазмұнды жиынның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби шеберліктерін дамыту, ветеринария саласындағы мәселелерге инновациялық шешімдер қабылдауға ұсыныс жасау, тәжірибе алмасу, тарату, кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру.
KazNARU Баспасөз қызметі