ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
qazaqstan.tv
Жас ғалымдарды қолдау – болашаққа жасалған инвестиция. Қазір Қазақстандағы ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орташа жасы – 57. Олардың 15% зейнет жасынан асып кеткен, - дейді академиктер.
Бұл туралы бүгін Алматыда алғаш рет өтіп жатқан жас ғалымдардың конгресінде айтылды. Шара аясында Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері ғылыми жобаларын іріктеуден өткізген 100-ден аса үздік жас ғалым баяндама жасады. Сонымен қатар шетелде жұмыс істеп жүрген жастар да тәжірибесімен бөлісті. Конгрестің мақсаты – жас ғалымдар арасында тығыз байланыс орнату үшін ғылыми алаң құру, ғылыми жетістіктермен бөлісу және Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді дамыту, - дейді ұйымдастырушылар.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
Бізге жас ғалымдар арқылы ұсыныс беріп отырады. Қалай саясатты өзгерту керек? Қандай ғылыми жетістіктерді, ғылыми жобаларды қандай тәртіппен өзгерту керек? Соның бәрін біз қорытындылап, басшылыққа, үкіметке, министрлікке жіберіп отырамыз. Біздің жұмысымыз осы. Біз жас ғалымдардың дауысын естуіміз керек. Осы маңызды.
Қуан Нұрақын