2024 жылдың 22 қарашасында
«Жас Сәтбаевшылар» атты Қазақстан жас ғалымдарының
I Конгресінің «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша секциялық конференция өтті. Тағылымы мол іс-шара ҰҒК төрағасы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Микробиология зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Еспембетов Болат Аманбайұлының және ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА ЖҒК Президиумының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры, PhD Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлының медераторлығымен өтті.
Секциялық конференцияда ғылымның осы басым бағыты бойынша ғылыми жобаларды сәтті аяқтаған 12 жас ғалым спикер ретінде зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Олар:
1. Мақанғали Қадыржан Қонысбайұлы- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD.
2. Құсаинова Майра Жұмағұлқызы - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Геоақпараттық ғылымдар және қашықтықтан зондтау орталығының жетекшісі, а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
3. Пронина Юлия Геннадьевна - Алматы технологиялық университеті, Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD.
4. Байдалин Марден Ерсаинұлы - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Ғылым департаментінің жетекшісі, PhD.
5. Паритова Әсел Ержанқызы - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., PhD.
6. Азат Сейтхан - Satbayev university, Инженерлік бейінді зертхана жетекшісі, қауымдастырылған профессор, PhD.
7. Нұрпейсова Айнұр Сұлтанқызы - Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты, Бас директордың ғылыми әзірлемелерді өндіру мен коммерцияландыруды дамыту жөніндегі орынбасары, PhD.
8. Алпысбаева Қарлығаш Әзербекқызы - Ж. Жиембаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин Қазақ ғылыми-зерттеу институты, Пайдалы жәндіктер және биоагенттерді жаппай өндіру зертханасының меңгерушісі.
9. Қыдырмолла Ақатан - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Ұлттық ғылыми зертханасының жетекшісі, PhD.
10. Моисеев Руслан Махмұдұлы - Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Молекулалық биология зертханасының кіші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының магистрі.
11. Тәукебаев Өміржан Жалғасбекұлы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы, Жерді қашықтан зондтау орталығының жоба үйлестірушісі.
12. Жүгінісов Қуандық Даулетбайұлы - Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Микроорганизмдер коллекциясы зертханасының меңгерушісі, PhD.
Жас ғалымдар өз зерттеу тәжірибелерімен бөлісу кезінде көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Секциялық конференцияның қорытындысы бойынша РЕЗОЛЮЦИЯ қабылданып, ҚР Президенті жанындағы ҰР ҰҒА жолданды.