ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Инженерлік технологиялар факультетінің Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасына Ферғана политехникалық институтының т.ғ.д Назирова Р.М. және Самарқанд ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің т.ғ.к. Юсупова Ш. Жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында тараптар арасындағы байланыс, ынтымақтастық мәселелері таллқыланды. Сонымен қатар, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша 3-4 курс студенттеріне қонақ дәрісі оқылды.
KazNARU Баспасөз қызметі