KazNARU

KazNARU КУРАТОРЛАРЫНА КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫН КӨЗДЕГЕН ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Заманауи жастар және эмоционалдық интеллект» тақырыбында кураторларға арналған тренинг өтті. Іс-шараға 40-қа жуық куратор, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәрбие департаментінің мамандары қатысты.

✅Тренингтің мақсаты – кураторлардың жастармен жұмыс істеу бойынша кәсіби дағдыларын арттыру. Әрі өз эмоцияларын түсіну арқылы студенттердің ішкі сезімін, мінез-құлқын бағамдау және оларды тиімді басқару қабілеттерін дамыту.

✅Университет психологы, тәжірибелі маман Ляйля Агыбайқызы мен жастар ісі жөніндегі комитет мамандары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Практикалық психология» білім беру бағдарламасының түлектері Сая Нұржанқызы, Назерке Серікқызы ұйымдастырған тренинг бағдарламасында эмоционалды интеллект, оны студент жастар бойында дамыту жолдары талданып, сенім атмосферасын қалыптастыруға бағытталған «сергіту сәті» жаттығулары және эмоционалдық жағдайларды талдау мен түсінуге арналған проективті әдістер енгізілді. Алғашында қатысушылар белсенділік танытпағанымен, тренинг барысында олардың қызығушылығы артып, процесте белсенді бола бастады.

✅«Эмоционалдық интеллект заманауи жастармен жұмыс істеуде маңызды рөл атқарады. Біз кураторларға осы қабілеттерді дамытуға көмектесуге тырысамыз, бұл студенттермен өзара әрекеттесуді неғұрлым тиімді және үйлесімді етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Қатысушылар тренинг соңында өз ұсыныстарын білдірді және рефлексия ретінде бағалауға қатысты.

✅KazNARU алда заманауи жастармен тәрбие жүргізуде озық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник