KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «САЛАУАТТЫ ӨМІР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТРЕНЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің 1 курс студенттері Алматы қаласы «Салауатты өмір» бағдарламасының тренері, отбасылық кеңесші, психолог Ильясова Гүлмира Баймұратқызымен кездесті.

✅Кездесуге «Инженерлік-техникалық» факультетінің деканы Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

✅Іс-шара барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, сондай-ақ «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» орай атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

✅«Бұл індет қазіргі күні адамзаттың басты проблемасы болып тұр, соныдықтан, оның зиянды жақтарын түсіндіру, денсаулыққа зиянды жат әдеттерден аулақ болуға шақырамын», - дей отырып, Гүлмира Баймұратқызы ЖИТС инфекциясының таралу жолдары және оны жұқтырмау үшін қолданылатын шараларға жеке-жеке тоқталып өтті.

✅Мейірімділік пен жақынына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру:

- АИТВ-ның берілу жолдарын анықтау;

- АИТВ-ның алдын алу қажеттілігіне назар аудару/Емделмеген және вакцинацияланбаған жағдайдағы ЖИТС;

- қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру; АИТВ мәселесіне саналы көзқарасты тәрбиелеу/ЖИТС;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін қалыптастыру сияқты маңызды тақырыптар жайында мазмұнды әңгімелер айтылды.

✅Сонымен бірге, спикер маман студенттер тарапынан ЖИТС ауруы туралы қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Өз кезегінде студенттер көтерілген тақырып аясында викторина ұйымдастырып, көріністер көрсетті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник