KazNARU

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ИНЖЕНЕРЛІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

✅Алматы қаласының Алатау ауданындағы №209 мектеп гимназия қабырғасында «Инженерлік технологиялар факультетінің» деканы Ләззат Әлдібаева бастаған оқытушылар тобы жоғары сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп қайтты.

✅Мектеп гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Айтбайқызының айтуы бойынша, Алматы қаласындағы озық оқу ордасының қатарындағы білім ошағында биыл 126 бітіруші оқушы бар.

«Білім алушылар үшін сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Оқушылардың түрлі ғылыми жобалар мен конкурстарға қатысуына мектеп басшылығы тарапыннан жағдай жасалып, қолдау көрсетіледі», -дейді Бибігүл Айтбайқызы.

✅Нәтижесінде мектеп шәкірттерінің қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Оқушылар «Дарын», «Зерде» ғылыми жобалар жарысында, «Менің ұстазым» атты байқаудың аудандық кезеңінде эссе жазу номинациясы бойынша, «Қыран елім –Қазақстаным» мәнерлеп оқу сайысында, «Алтын сақа» математикалық олимпиадасында, Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде топ жарып, мектеп абыройын көтеруге өз үлестерін қосып келеді.

✅Бүгінгі кездесуде мектеп бітіруші оқушылар үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің еліміздегі аграрлық салада көш бастап отырған жоғары оқу ордасы екені туралы ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.

✅Оқушылармен бірге сынып жетекшілері, ата-аналар қатысқан жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудегі ережелер, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері, жеңілдіктер түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

✅Өздерін толғандырған сауалдарға қанағаттанарлық жауап алған жоғары сынып оқушылары болашақта аграрлық салаға баруға, оның ішінде инженерлік мамандықтарды таңдауға қызығушылық білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник