KazNARU

KazNARU ОҚЫТУШЫЛАРЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

✅Атап айтқанда, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Мұратбекова Алматы технология-экономикалық колледжінде болып, білім алушылармен кездесті.

✅Алматы технология-экономикалық колледжінің директоры Увакасова Гүлшат Татымқожақызының айтуынша, мұнда бітіруші оқушылар саны – 137.

Барлығы 6 топ бар, 4 топ қазіргі уақытта өндірістік тәжірибеден өтуде. Білім беру бағдарламалары бойынша (Сыра, алкогольсіз сусындар және алкогольді сусындар өндірісі, Стандарттау, метрология және сертификаттау, Тағам өндірісінің технологиясы, Қоғамдық тамақтандыру, Қонақ үй бизнесі, Наубайхана, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісі) оқып жатқан жастар өз білімдерін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалғастыруға ниетті екендіктерін танытты.

_____________________________________________

✅Кәсіби бағдар беру бағытында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің профессор-оқытушылар тобы: профессор в.ғ.к. Омарбекова У.Ж., қауымдастырылған профессор Мықтыбаева Р.Ж., аға оқытушы, в.ғ.м. Үмбетжанов Қ.Ж., қауымдастырылған профессор Усмангалиева С.С., Алматы қаласындағы «Еуразия аграрлық» колледжінде болып қайтты.

✅Кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби шеберліктерін дамыту, ветеринария саласындағы мәселелерге инновациялық шешімдер қабылдауға ұсыныс жасау, тәжірибе алмасу, тарату, бітіруші түлектерге ақыл-кеңес беру сияқты шаралар қамтылды.

✅Сондaй-ақ, колледж білім алушыларына университет факультеттері туралы ақпараттар беріліп, арнайы шығарылған буклеттер таратылды. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды. Жиналған білім алушылар университет өкілдеріне өздерінің ризашылықтарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник