ЖАМБЫЛ АУДАНЫННЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА KazNARU-дың АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің деканы Ажинурина Д.А. бастаған оқытушылар тобы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйінде Open Day: «KazNARU-да болашақ басталады: Бізбен бірге арманда!» атты іс-шара ұйымдастырды.
Кең көлемде өткен іс-шараға Жамбыл аудыны бойынша білім бөлімінің басшысы Алтынбекова Светлана Амантайқызы қатысып, «Ашық есік» күніне 8 мектептен 330 оқушы мен ұстаздар қатысып отырғанын атап өтті. Олар:
Абай атындағы гимназия мектебі,
Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі,
С.Бердікұлов атындағы ОМ,
Т.Рысқұлов атындағы ОМ,
Ш.Уәлиханов атындағы ОМ,
Ұзынағаш ауылындағы ОМ,
Ұзынағаш ауылындағы №1 лицей мектебі.
Мектеп бітіруші оқушылар үшін еліміздегі аграрлық салада көш бастап отырған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті туралы ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
Жиналған жасөспірімдер республикада ТОП-5 ЖОО қатарындағы оқу ордасының мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытып, болашақта аграрлық мамандықтарды меңгеріп, оқуға түсу туралы көптеген сұрақтар қойды және оған толық жауаптар алды.
Кездесуде белсенділік танытқан барлық жоғары сынып оқушыларының KazNARU-ды таңдауға деген құлшынысы анық байқалғаны қуантады.
KazNARU Баспасөз қызметі