KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДАҒЫ «ТИАШМИИ» ҰЗУ ФИЛИАЛЫНЫҢ КӨРМЕСІ ШЫМКЕНТТЕ

✅ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына түсу үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары 2025 жылдың 07 ақпанында Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасуда. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасы хабарлайды.

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасындағы «Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҰЗУ филиалының көрмесіне келушілер көп. Филиал директоры, т.ғ.д., профессор Абдурахим Бердишев келушілерге жаңа оқу ордасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

✅ Студенттер екі жыл КазNARU базасында, екі жыл Филиалда төмендегідей білім бағдарламасымен оқиды.

• «6B08604 – Су шаруашылығы және мелиорация».

• «7M08610 – Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару».

• «8d08607 – Мелиорация және суармалы егіншілік».

✅ Студенттер жан-жақты білім алуы үшін зәулім оқу ғимараты, оқу залдары, заманауи тәжірибелік зертханалар, көмекші техникалық жабдықтармен және жайлы жатақханамен қамтамасыз етілген.

✅ Қазіргі уақытта Филиалда «Су шаруашылығы және мелиорация», «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару», «Мелиорация және суармалы егіншілік» білім бағдарламасымен қазақстандық 31 студент оқып жүр. Алдағы оқу жылында олардың қатарын 100-ге жеткізу жоспары тұр.

✅ Құрметті мектеп бітіруші талапкерлер! Сіздерді Орта Азияда теңдесі жоқ жаңа оқу ордасы – су шаруашылығы мамандарын даярлайтын жаңа Филиалда жоғары білім алуға шақырамыз!

✅ Келіңіздер! Болашаққа қадамды бізден бастаңыздар!

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник