KazNARU ӨКІЛДЕРІ ҚАРАҒАНДЫ МЕН ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒДАР АЯСЫНДА КЕҢЕС БЕРДІ
2025 жылдың 7 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бастамасымен Қарағанды облысының Балқаш, Ұлытау облысының Сәтпаев, Жезқазған қалаларындағы мектеп бітіруші жоғары сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру бағытында офлайн және онлайн форматында кездесу ұйымдастырылды.
«Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытында өткен кездесуге Университет тарапынан проректорлар, Қабылдау комиссиясының мүшелері, факультет декандары, ПОҚ пен білім алушылар, Zoom арқылы «The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша жетекшісі және студенттер мен оқушылар қатысты.
Спикер Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы атаоған өңірлерден 28 мектептің профориентолог мамандары мен 1500 оқушы қатысып отырғанын жеткізді.
Кездесуді ашқан KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы Абдыров Айтжан Мухамеджанұлы 95 жылдық даму тарихы бар оқу ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Қазіргі таңда Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА Президенті, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы басқаратын университетіміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырған көшбасшы жоғары оқу орны. Бүгінде QS халықаралық рейтингісі бойынша Орта Азияда 6-шы, Қазақстанда үздік ТОП-5 ЖОО қатарына еніп отыр. АҚШ, Германия, Малайзия, Нидерланды, Италия, Түркия, Қытай, Оман Сұлтандығы, Ресей сияқты елдердің жетекші оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Шет мемлекеттерден 200-ден астам студент KazNARU-ды таңдады. Жыл сайын университетке түсушілер үлесі артып келеді. 2024-2025 оқу жылында 1500 мемлекеттік грант иегері қабылданды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп. Осы кездесуден кейін бізде оқығысы келетін талапкерлердің қатары өсе түседі деп үміттенеміз», - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.
«The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша жетекшісі Асем Оразбекова
Өздері жүзеге асырып жатқан жобаларына тоқталып, қордың шалғай аймақтарда оқитын балаларға көмектесіп, жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік жасауға көмектесетінін атап өтті.
Қабылдау комиссиясының жетекші маманы Динара Бекбаева Университетке оқуға қабылдау ережелеріндегі жаңалықтармен таныстырып, аграрлық мамандықтарды меңгеруге ынтасы бар үміткерлерге, оның ішінде тұрмысы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққан жастарға жасалатын жеңілдіктерге кеңінен тоқталды.
Университет Әскери кафедрасының бастығы, полковник, PhD философия докторы Еркін Әділбеков Әскери кафедрасның қызметінен ақпарат ұсынды. Ол мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттердің тегін,
ал келісімшартпен түскендердің ақылы негізде конкурстық іріктеу арқылы әскери дайындық курсынан өте алатынын жеткізді. Құжаттар 2025 жылғы 01 ақпаннан 01 маусымға дейін қабылданады.
Кездесу барысында университет Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі, факултет пен кафедра өкілдері, профессор-оқытушылар мен студенттер өз пікірлерін ортаға салып, мектеп бітіруші түлектердің сұрақтарына жауап қайтара отырып, оларды KazNARU-да жоғары білім алуға шақырды.
Аталған өңірден қатысқан спикерлер «Мамандықты дұрыс таңдау - болашаққа бастар жол» атты онлайн кездесудің оқушыларға өмірден өз орындарын табуларына оң бағыт-бағдар беретінін атап өтіп, ашық жүздесуді ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта Университет басшылығы мен Қарағанды облысының Балқаш, Ұлытау облысының Сәтпаев, Жезқазған қалаларындағы Білім басқармалары мен бөлімдері арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға уағдаластық жасалды.
KazNARU Баспасөз қызметі.