KazNARU-ға Қазақстан Республикасындағы Түркіменстан елшілігінің Консулдық бөлімінің Консулы келді
2025 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігінің Консулдық бөлімінің Консулы Розыджумаев Нурымырат Ағамырадұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен кездесті.
Университет басшысы А.Қ.Күрішбаев Консул Н.А.Розиджумаевтың KazNARU-ға келуі жоғары білім және ғылым, мәдениет саласындағы байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға бастайтын маңызды қадам деп атады.
«Ғасырлар бойғы өзара достыққа, тату көршілікке, біртұтас мәдени және тарихи құндылықтарға сүйене отырып, Қазақстан мен Түркіменстан –бауырлас мемлекеттер ретінде соңғы жылдары өзара әріптестік бағытта қарқынды дамып келеді. Екі елдің өкілдерінің ғылым мен білім беру саласында, білікті кадрларды даярлау және агросектордың, экономиканың басқа да салаларында нақты ғылыми жобаларды іске қосуға ортақ күш-жігерін жұмылдыруы өте маңызды деп санаймын. Біздің университетте Түркіменстаннан менеджмент және экономика саласы бойынша 27 студент оқиып жатыр», - деп атап өтті ректор.
Өз кезегінде Консул Нұрымырат Розыджумаев университет басшылығына жылы қабылдағаны үшін алғыс лебізін білдіріп, екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстардың және жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
«Түркіменстан әлемнің барлық елдерімен, соның ішінде, Қазақстанмен өзара тиімді достық қарым-қатынас орнатқан. Гуманизм, бейбітшілік, төзімділік және ашықтық – біздің ұстанған негізгі принциптеріміз осындай. Біз мұны достық пен өзара түсіністіктің, халықтар арасындағы жақындасудың маңызды құралы ретінде қарастыра отырып, мәдениет, білім және ғылым салаларына ерекше назар аударамыз», - деді дипломат.
Іс-шараға KazNARU Басқарма төрағасы–ректордың орынбасары Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы, Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Абазов Рафис Фанисұлы, сондай-ақ Студенттер кеңесі мен жастар ұйымының басшылары қатысып, сөз сөйледі.
Кездесу жылы және достық атмосферада өтті. Көркемөнерпаздардың жас таланттары концерттік бағдарлама іс-шараға қатысушыарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Қонақтар Түркіменстанның дәстүрлі билерін орындаған "Бақтыяр" ұлттық би ұжымының өнерін тамашалап қол соқты.
Мәдени бағдарламаның басқа да қатысушылары жоғары шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге түрікмен өнерінің нәрі мен сұлулығын жеткізді.
KazNARU баспасөз қызметі