KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінде Х.Д.Чурин атындағы «Аробизнесті басқару және менеджмент», «Аудит, есеп және қаржы» кафедраларының ұйымдастыруымен аса маңызды іс-шара болып өтті.

Негізгі мақсат – “Экономика”, “Маркетинг”, “Менеджмент”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, “Агротуризм”, “Қаржы”, “Есеп және аудит”, “Бағалау” сынды білім беру бағдарламаларын дамыту және талқылау арқылы кәсіби кеңестер беру.

✅ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің деканы Динара Ажинуринаның айтуы бойынша, бұл бағдарламалар экономика мен маркетингтен бастап агротуризм мен бағалауға дейінгі көптеген салаларды қамтиды, әрі бұл әр түрлі саладағы мамандарды даярлау үшін өте маңызды.

✅ Кездесуге «Атамекен» ҰКП, «Отбасы банк» АҚ, Al Safi Bank Ltd және т.б. ұйымдардан жұмыс берушілер, университет оқытушылары мен студенттер және бұрын бітірген түлектер белсене қатысты. , Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытында пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

✅ «Бұл кездесу тек жоғары білім беру саласындағы емес, сонымен қатар еңбек нарығының дамуындағы маңызды қадам болып саналады. Өз кезегінде бұл бітіруші түлектердің жақсы жұмысқа орналасуына және бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді», - дейді «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі Айнур Саурукова.

✅ Іс-шараның қорытындысы болашақ білікті мамандарды даярлауда жаңа тәсілдерді іздестіру мен енгізуге бағытталды. Сондай-ақ, кәсіби трендтерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жақсарту және жаңғырту бойынша ұсыныстар берілді.

✅ Кездесуді ұйымдастырушылардың пікірінше, агробизнес, маркетинг және қаржы сияқты өзекті, әрі перспективалы салаларға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамыту студенттерге нақты еңбек нарығының сын-қатерлеріне жақсы дайындалуға және олардың мансаптық перспективаларын жақсартуға көмектеседі.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник