KazNARU

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - 2025 Құрметті жас ғалымдар!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 2025 жылғы Халықаралық жазғы мектептің өтетінін хабарлайды

2025 жылғы Халықаралық жазғы мектептің басты мақсаты – қазақстандық және халықаралық студенттер, магистранттар, жас ғалымдар, бизнес мамандары мен оқытушылар үшін инновациялар мен заманауи технологиялар саласында білімдерін кеңейтуге арналған алаң ұсыну.

Іс-шара аясында тыңдаушылар ғалымдармен, кәсіпкерлермен және саланың жетекші мамандарымен мазмұнды пікірталастар жүргізуге мүмкіндік алатын интерактивті дәрістер, семинарлар мен презентациялар сериясы өтеді. Дәрістерді АҚШ, Түркия, Қытай, Венгрия және басқа да 10-нан астам елден келген оқытушылар жүргізеді.

Жазғы мектепке қатысушылар агротехнологиялар мен ғылыми зерттеулердегі соңғы жетістіктерді жан-жақты және терең меңгеруге мүмкіндік алады.

Халықаралық жазғы мектеп 2025 – жыл сайын өткізілетін ең беделді және ауқымды жобалардың бірі. Оның негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаңа білім мен инновациялық технологияларды тарату, сондай-ақ Қазақстанның білім және ғылым жүйесін халықаралық кеңістікке интеграциялау. Жас қатысушылар тек қосымша білім алып қана қоймай, көптеген достар мен жаңа таныстар тауып, тәжірибе алмасып, басқа жоғары оқу орындары туралы ақпарат алады.

Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, алмасу мен ынтымақтастық арқылы әлем университеттері стратегиялық серіктестер ретінде зерттеу университетінің негізгі міндетін – ғылым, білім және жоғары технологиялық индустрия үшін әлемдік деңгейдегі мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Жазғы мектеп 2025 бағдарламасы

Оқу үдерісі 2025 жылдың 2 маусымынан 15 маусымына дейін жалғасады. Бағдарламаға интерактивті дәрістер, тренингтер және пікірталастар енгізілген, бұл қатысушылардың кәсіби және тұлғааралық құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жазғы мектептің оқытушылары – Қазақстанның және әлемнің жетекші ғалымдары, салалық зерттеу институттары мен өндіріс өкілдері.

Жазғы мектеп бағыттары:

  • «IT-технологияларды қолдану арқылы су ресурстарын басқару»
  • «Орман және жер ресурстарын тұрақты басқару»
  • «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ветеринария»
  • «Клиникалық ветеринария»
  • «Селекция және биотехнология»
  • «Табиғи ресурстар, экология және тұрақты өсімдік шаруашылығы»
  • «Агробизнесті жаңғырту және трансформациялау: құқықтық негіздер, қаржы және бухгалтерлік есеп»
  • «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін инженерлік технологиялар»
  • «Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің инновациялық технологиялары»
  • «Инновациялық экожүйені дамыту: стартаптар және бизнес-инкубация (мини-MBA)»

Тіркелу сілтемесі: Мында басыңыз

Қосымша ақпарат алу үшін:

📍 Мекенжай: Қазақстан, Алматы қ., Абай даңғылы, 8, Халықаралық кеңсе, 36

📧 Email: info@kaznaru.edu.kz
📞 Телефон: +7 (727) 264 19 95, +7 702 694 44 53
👥 Координатор: salamatzada.bibi@kaznaru.edu.kz

🔗 Ресми сайт: www.kaznaru.edu
📱 Әлеуметтік желілер: Instagram, Facebook

---------Chatbot---------
виртуальный помощник