Құрметті студенттер! Сіздерді "Абай – әлем тілдерінде" атты байқауға қатысуға шақырамыз!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 2025 жылдың 15 наурызы - 10 сәуірі аралығында Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай – әлем тілдерінде» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың міндеті:
- Студент жастардың ұлттық санасын жаңғыртуда әдебиеттің орнын нығайтып, оған қызығушылығын арттыру;
- жастар арасында ұлы Абай шығармаларын насихаттау;
- студент жастардың әлем тілдерін үйренуге ынтасын арттыру;
- жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың бойында жұрт алдында сөйлеу дағдысы мен шешендік өнерін дамыту;
- жоғары оқу орындарында оқитын студент жастардың рухани байланысын нығайту.
Конкурс туралы толық ақпарат Ережеде берілген (Ереже ақпараттық хатқа қоса тіркелді).
Конкурстың іріктеу турына қатысу үшін үміткер берілген үлгідегі (Қосымша 1) өтінімі мен бейнеролигін abai.konkurs2025@mail.ru электронды поштасына 2025 жылдың 27 наурызына дейін жіберу керек.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Абай көшесі, 8. e-mail: abai.konkurs2025@mail.ru
Телефондар: 8-771 569 74 04; 8-702 858 20 03
Байқау туралы толық ақпарат және өтінім үлгісі
«АБАЙ – ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕ» атты мәнерлеп оқу байқауының ЕРЕЖЕСІ