KazNARU
Бағалау

Кең іргелі білімі бар, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделген, ұжымда жұмыс істеуді білетін, бағалау қызметі саласында қажетті білімі бар жаңа құралым маманын даярлау. Жоғары бiлiктi мамандарды, бағалау қызметi рыногында бәсекеге қабiлеттi кадрлар даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждер үшiн ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Түлек кәсіптік қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асыра алады:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- өндірістік-басқарушылық;

- экономикалық;

- аналитикалық;

- ғылыми-зерттеу;

- сараптамалық-кеңес беру;

- білім беру (педагогикалық);

- оқу-әдістемелік қызмет

Кәсіби қызмет саласы

- бағалау қызметі  ұйымдары;

- мемлекеттік және жергілікті мекемелер мен кәсіпорындардағы басқармалар;

- әлеуметтік саладағы басқармалар;

- банктер, сақтандыру мекемелері;

- құқық қорғау және өзге де ұйымдарда мемлекеттік органдармен және азаматтармен байланыс бойынша лауазымдарда басқару.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- қызмет саласына қарамастан барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар;

-экономика мен қаржы-ларды басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);

- жоғары оқу орындары; ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу және сараптамалық-консалтингтік ұйымдар;

- ведомствоаралық, аймақаралық және халықаралық ғылыми жобалау ұйымдары.

- кез келген бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру ұйымдары;

-ішкі істер органдары;

- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелер;

- коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар;

- халықаралық ұйымдар және азаматтармен байланыс жөніндегі бөлімшелер

Кәсіби қызмет функциялары

«7М04114 - Бағалау» білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру бағдарламаларының модулін қамтиды:

№1. «Заманауи бағалаумен қамтамасыз ету».

Магистрдің кәсіби қызметі төмендегілерге бағытталған:

- бағалау жүйесін ұйымдастыру ;

-бағалау әдістерін реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсету;

-қоғамдық маңызы бар нысандарды бағалау үшін жұмысты ұйымдастыруды қоса алғанда, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін стратегиялық басқаруды жүзеге асыру;

- жекелеген ұйымдар экономикасының жай-күйін талдап бағалау, дайындалатын немесе қабылданған шешімдердің экономикалық салдарын айқындау;

- бағалау саясаты мен   бағалаудың халықаралық стандарттарын тиімді қолдану мақсатында уәждеп және дамыта отырып, бағалау үрдісін барынша пайдалана білу;

- мемлекеттік және  шетелдік  ұйымдармен  өзара бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.

№2. «Бизнестің негізгі элементтерін бағалу және басқару»

Магистрдің кәсіби қызметі төмендегілерге бағытталған:

- ұйымның шаруашылық-экономикалық қызметін басқару;

- ұйым қызметіндегі бағалау үрдісін бақылауды жүзеге асыру;

- бағалау әдістерін жетілдіру мәселелерін тиімді шешу және инвестициялық жобаларды басқару

- стандартты емес жағдайларда жылжыйтын және жылжымайтын мүлікті бағалауда қабылданған шешімдер үшін функционалдық жауапкершілік алу;

- ұйым брендісін бағалау және қызмет сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын әзірлеу;

- коммерциялық банктер мен қажылық ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету;

- бағалау қызметін басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу.

Екі білім беру траекториясының магистранттары білім беру ұйымдарында ғылыми және педагогикалық қызмет жүргізе алады

Кәсіби қызмет түрлері

«7M041 Бизнес және басқару» даярлау бағытының магистрлері кәсіби қызметтің мынадай түрлерін орындай алады:

1. Жобалау-технологиялық:

- ел экономикасының нақты секторларын бағалау жұмысын реттеуді жетілдіру мәселелерінде;

-жаңа танымдық және практикалық міндеттерден бағалау тиімділігін арттыруда.

- жылжыйтын және жылжымайтын мүлікті бағалауды реттеуді жетілдіру мәселелерінде;

-танымдық және практикалық міндеттерді шешу мақсатында бағалау қызметін басқарудың тиімділігін артыруда.

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық:

3. Ғылыми-зерттеу:

-математикалық модельдеудің және технологиялық жүйелерді талдаудың бірлескен әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді дербес ұйымдастыру және жүргізу;

-жобаны басқару рәсімдерінде, жобаның интеграциясын басқаруда, жобаның мерзімдерін, тәуекелдерін және келісімшарттарын басқаруда;

-эмпирикалық деректерді талдай білу және оларды басқару тәжірибесінде қолдану, жаңа алынған білімді жүйелеу

- бағалау қызметін басқару проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде әдістер мен мамандандырылған құралдарды қолдану

4. Ғылыми-педагогикалық:

- пәндерді оқытудың заманауи әдістемелерін зерделеу

- барлық деңгейдегі қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу;

- педагогикалық қызмет барысында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.

Дағды қалыптастыру

- ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында;

- барлық салаларда инновациялық техникалық және технологиялық өндірістер мәселелерінде;

- білім беру ұйымдарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

- кәсіби саладағы ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда.

Учебный план образовательной программы

7М04114-Бағалау 2024ж.pdf

3728.236 KB

Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары Бағалау 2024-2028 жылдар.pdf

14457.941 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник