KazNARU
Ветеринариялық санитария

Қолданбалы және іргелі ғылымдарды меңгерген, ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешуге дағдыланған, оқыту, зерттеу және басқару қызметін тұжырымдауға қабілетті Ветеринариялық санитария бағыты бойынша PhD даярлау

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- ветеринариялық-санитариялық дәрігер;
- ветеринариялық-санитариялық дәрігер, ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық санитариялық зертханаларда бөлім меңгерушісі;
-бактериолог мал дәрігері, вирусолог мал дәрігері, токсиколог мал дәрігері, аудандық, қалалық, облысытық және республикалық ветеринариялық зертханаларда бактериология, вирусолгоия және токсиколгоия бөлімдерінің меңгерусіші;
- ветеринариялық қадағалау және бақылау республикалық ветеринариялық басқармасының ауылдық округінің, аудандық не облыстық мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, ҚР АШМ Ветеринариялық қадағалау және бақылау  комитетінің төрағасы;
-ауыл шаруашылық өнімдерін өнідіретін және мал өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері мен жеке кәсіпкерліктің ветеринариялық- санитариялық мал дәрігері;
-ҚР Кеден комитетінің көліктегі және шекарадағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
-ҚР АШМ жоғары ветеринариялық оқу орындарының ассистенті, қауымдастық профессоры, профессоры, академигі;
-ветеринариялық ғылыми зетрттеу институтарында кіші және аға ғылыми қызыметкерлер, бөлім меңгерушісі, директор;
-ҚР ішкі істер министірлігінің ветеринариялық-фитосанитариялық полициясының инспекторы, бөлім басшысы (қосымша құқықтық білімі болған жағдайда).
 

Кәсіби қызмет саласы

Малдәрігерлік, сараптау-қадағалау, ұйымдастыру-басқару, эксперименталды-зерттеу, ғылыми-зерттеу, жобалық, ветеринарлық санитария бойынша білім беру қызметтері.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

мал шаруашылық, құс, балық, бал, өсімдік өнімдерін өндіріу, сақтау және сатумен айналысатын кәсіпорындары;
-жануарларға, құсатрға, балық пен араларға азық өндіретін кәсіпорындары;
-мал өлекселерін өңдейтін және ақуыздық азық өндіретін кәсіпорындары;
-ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық зертханалары;
-мемлекеттік кедендік орындардағы терриотроиялдық қадағалау-тексеру орындары;
-ҚР ішкі істер министірлігінің ветеринариялық және фитосанитариялық полициясы;
-биологиялық препараттар және биологиялық белсенді дәрілік заттар шығаратын өндірістері;
-ветеринария бағытандағы ғылыми-зерттеу институтар, мемілекеттік және жеке ұйымдары;
- ветеринария бағытандағы жоғарғы оқу орындары.
 

Кәсіби қызмет функциялары

Қазақстан Республикасы территориясын көрші елдерден келетін зооантропанозды аурулардан қорғау;
-мал шаруашылығы, құс, балық, ара және өсімдік өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын қадағалау, ветеринариялық-санитариялық сараптау;
-жануарлардың, құс, ара және балықтардың жұқпалы аурларын балау, алдын алу және жою;
-жеке кәсіпкерлермен мал, құс, балық және өсімдік шаруашылықтарының қауіпсіз, сапалы өнім өндіріуде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау;
-биоперпараттар мен дәрілерді өндіріу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау;
-малдың өнімділігін арттыру бағытындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастыру;
- ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан сапалы мал өнімдерін өндіруді ұйымдастыру;
-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-аумақтарды зооантропанозды аурулардан қорғау;
- шикізат және биопрепараттар өндіру кәсіпорындарының объектілерін тамақ өнеркәсібінің бұзылған қалдықтарынан қорғау
 

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:
- малшаруашылығы және олардың өнімдерін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлікте, шаруашылық субьектілер мен жеке  ұсақ шаруашылықтарда аурудың алдын алуға, қауіпсіз малшаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға бағытталған шараларға ветеринариялық-санитариялық баға береді.
- малшаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізеді және бағасын береді;
- жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды күтіп-бағу және оларды жеке кәсіпкерлік  құрылымдарда және шаруашылық жүргізуші субъектілерде күтіп-бағу үшін зоохигиеналық және ветеринарлық ережелерді жүзеге асыруға баға береді.
2. Конструктивті: 
- жануарларды, құстарды, балықтарды, араларды өсірумен айналысатын және жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда ветеринариялық-санитариялық және алдын-алу шараларын ұйымдастырады.
- ветеринариялық, биологиялық және экологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асыратын ғылыми бағдарламалар мен жобаларға қатысады.
- ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау тиімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды және жаңа ғылыми әзірлемелерді апробациялауға және енгізуге көмектеседі;
-ауыл шаруашылығы жануарларын жасанды ұрықтандыруды жүзеге асыру кезiнде ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұйымдастыруға қатысады;
- экспорт-импорт операцияларында жануарларды, құстарды, балықтарды және араларды тасымалдау кезінде бақылауды жүзеге асырады.
- жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың жұқпалы ауруларының алдын алу және оларды жою үшін эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады
3. Ақпараттық-технологиялық:
- мониторинг өткізеді, картаға түсіреді, ҚР аумағында жануарлар, құстар, балықтар, аралардың аса қауіпті ауруларының стационарлы ошақтарын анықтайды және мемлекеттік ветеринария органдарына олардың өршуі туралы уақтылы ақпарат береді;
- Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңнамасының талаптарын орындау кезінде мемлекеттік ветеринариялық мекемелерге, кеден органдарына және медициналық қызметке және ветеринариялық-санитарлық ережелерін сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аумағын аса қауіпті жануарлар ауруларының енгізілуі және таралуы туралы уақтылы ақпарат береді;
-ветеринария саласындағы есепке алу және есеп беруді және мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
 

Дағды қалыптастыру

-ветеринариялық санитария және сараптама саласындағы, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау, жануарлардан алынатын жоғары сапалы өнім өндіру.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

8D09102- Ветеринариялық санитария.docx

15.794 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник