KazNARU
Экономика

Экономикалық қатынастардың барлық деңгейлерінде шешімдер қабылдау және әзірлеу үшін аналитикалық, зерттеу, көшбасшылық қасиеттерге ие, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ұлттық экономика және бизнес саласындағы жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі
  • бас экономист;
  • бас экономист – талдаушы;
  • халықаралық қатынастар бойынша бас экономист,
  • мемлекеттік басқару құрылымдарының әр түрлі бөлімшелерінің басшысы;
  • әр түрлі меншік нысанындағы  салалар мен кәсіпорындардың жетекшісі;
  • ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкері;

ЖОО-да оқытушы.

Кәсіби қызмет саласы
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық
  • өндірістік-басқарушылық

- аналитикалық

- ғылыми-зерттеу

- сараптамалық-кеңес берушілік

- білім беру (перагогикалық)

- аудиторлық

- жобалық

- оқу-әдістемелік

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

ғылыми-зерттеу институттары

- жоғары оқу орындары,       

- мемлекеттік және жергілікті басқару органдары,

- кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік, қаржылық-аналитикалық қызметі,

- сыртқы экономикалық қызметтің бөлімшелері.

Кәсіби қызмет функциялары

- оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және басқару;

- әр түрлі инновациялық технологиялар қолдану, өз  білімін жетілдіру және білім алушылардың кәсіби бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау;

- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін,  инвесторлардың, кредиторлардың, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың қолдануына дайындау;

- басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық-технологиялық базасын құруға қатысу;

- өндірісті ұйымдастыру, технологиялық үрдісті қажет ресурстармен қамтамасыз ету;

- басқару шешімдерінің тиімділігіне талдау жасау, өндірістік басқару қызметінің барлық спектрі бойынша контроллингті жүзеге асыру.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Педагогикалық қызметі:

- экономикалық пәндерді оқыту үдерісін қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік материалдар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

экономикалық пәндерді оқыту үрдісінде заманауи білім беру технологияларын пайдалану және әзірлеу;

  • оқу процесінің, оқу бөлімшелері мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету және жетілдіру, нығайту және дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • студенттердің, оқу құралдармен, арнайы ғылыми әдебиеттермен  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше эксперимент жүргізуге және олпрды алынған нәтижелерді жинақтауға үйрету.

2. Ғылыми-зерттеу қызметі:

- жүргізілетін зерттеулердің инструментариін әзірлеу, олардың нәтижелерін талдау;

- шолулар, есептер мен ғылыми жарияланымдарды жасау үшін деректерді дайындау;

- зерттеу  тақырыбы бойынша ақпараттарды жүйелеу, жинау, өңдеу, және талдау жүргізу, зерттеу міндеттерін шешу құралдары мен әдістерін таңдау;

- ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде статистикалық зерттеу мен сауалнама;

- кәсіби қызмет саласына жататын зерттелетін процестердің, құбылыстар мен объектілердің теориялық және эконометриялық модельдерін, құру, алынған нәтижелерді бағалау және түсіндіру.

3. Өндірістік-басқарушылық қызметі:

- экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін шығармашылық ұжымды ұйымдастыру және оларға басшылық ету;

- кәсіпорынның,  ұйымдар мен олардың жекелеген бөлімшелерінің даму және қызмет ету стратегияларын жасау;

- мемлекеттік және муниципалдық билік  органдарының экономикалық қызметтер мен кәсіпорындар бөлімшелерін және әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдарды басқару.

4. Аналитикалық қызмет:

  • экономикалық саладағы басқару шешімдерін дайындау және қабылдау үшін ақпарат іздеу, талдау және бағалау;
  • қоғамдағы экономикалық жағдайды талдау;
  • ішкі және сыртқы ортаның өзгерістері орын алған жағдайда ұйымның қызметін талдау бағыттары;
  • ұйымдық даму көздерінің тиімділігін талдау және бағалау;

жобалық басқару үдерістерін талдау және модельдеу.

Дағды қалыптастыру
  • ғылыми зерттеулер контекстінде жиі кездесетін біртұтас идеяларды дамыту немесе қолдануға негіз болып табылатын жоғары білім деңгейінде алынған білімін жетілдіру және көрсету;
  • жаңа немесе таныс емес жағдайларда, контексте және одан да кеңірек (немесе пәнаралық) салалар шеңберінде, зерттелетін саламен байланысты проблемаларды шешуде қабілеттілігін, білімін, және түсінігін пайдалану;
  • толық емес немесе шектеулі ақпараттар негізінде қиындықтармен күресу және пайымдаулар енгізу осы пайымдаулар мен білімді қолдану  үшін этикалық әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып білімдерін біріктіру;
  • өз қорытындылары мен білімін нақты және түсінікті хабарлау және оларды мамандар мен маман еместерге түсіндіру;

оқуды өз бетінше жалғастыру.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

7М04101-Экономика 2024ж.pdf

3587.951 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник